Меню

Страницы

Статья

Білім

БІЛІМ САЛАСЫ

Ауданда 27 мектеп бар, онда жаңа оқу жылын 9 053 бала бастап отыр. Оларға 1 374 мұғалім сабақ береді. 27 мектептің 17 типтік, 10 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.  Апатты және үш аусымды мектептер жоқ.

Барлық мектептер 107 заманауи модификациялық кабинетпен жабдықталған. Қамтылу үлесі 83,4% құрайды (химия кабинеті 27, ЛМК кабинеті – 17, биология кабинеті – 27, физика кабинеті – 27). 2023 жылы 77,6 млн. теңгеге 9 дана модификациялық кабинет (3 физика, 3 химия, 3 биология) сатып алынды. 2024 жылы 6 модификациялық кабинет, 1 робототехника кабинеті және STEM кабинеттерін сатып алу үшін 105,7 млн теңге жоспарланып отыр.

Аудандағы 17 (62,9%) мектеп робототехника кабинеттерімен жабдықталған және 7 мектепте ІТ-сынып жұмыс жасауда.

Одан бөлек, ауданда 9 мектептен тыс мекемелерде 3 838 оқушы қосымша білім берумен қамтылған, жалпы оқушылардың 42,4%.

Ал, мектепке дейінгі 24 мекеме бар. Ондағы 11 балабақшада 1472 бала, 13 шағын орталықтарда 452 бала,  барлығы 1924 бала тәрбиеленуде. 11 балабақшаның 8 мемлекеттік 3 жекеменшік нысанда. 12 шағын орталық мемлекеттік 1 жекеменшік нысанда.

Аудан мектептеріне қажетті мамандар саны – 33 бірлік қазақ сыныбы: химия-3,  математика-5 , ағылшын тілі-1, орыс тілі мен әдебиеті-6, бастауыш-2, география-1,  музыка-1. ) және (орыс сыныбы: математика-1, бастауыш-1, физика-1, химия-1).

Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік

2 – топқа жататын 6 мектеп турникетпен, 5 мектеп мамандандырылған күзет қызметімен қамтамасыз етілген. 2 – балабақша екі балабақша (Ақбота бөбекжай-бақшасы, Айгөлек бөбекжай-бақшасы) бейнебақылау камералар және дабыл түймесімен қамтамасыз етіліп жергілікті полиция бөлімшесіне қосылған. 10 мектеп (Абылай хан атындағы мл, Ш.Уалиханов атындағы мг, М.Әуезов атындағы мг,  Д.Қонаев атындағы ом, Абай атындағы ом, Б.Адамабаев том, Ш.Датқа атындағы ом, Б.Қашкыңбаев атындағы ом, Д.Сенбин атындағы ом, Әйтеке би атындағы ом) дабыл түймесмен қамтамасыз етіліп, бейнебақылау камералары жергілікті полиция бөлімшесіне интеграцияланған.

Ақпарат үшін: білім беру ұйымдары бойынша барлығы 1113 бейнебақылау камералары жұмыс жасауда. Оның ішінде Цифрлық бейнебақылау камералары 828 дана, аналогты бейнебақылау камералары 285 дана, оның ішінде 110 дана бейнебақылау камералары интеграцияланған камералар.

Жалпыға бірдей міндетті орта білім қор шығындары

2024 жылы жалпыға бірдей міндетті орта білім қар шығындарына 494 млн теңге бөлініп отыр, оның ішінде барлық 1-4 сынып оқушыларын және 5-11 сынып аралығындағы осал топтағы (аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасы) балаларын барлығы 4433 оқушыны 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтуға 398,4 млн теңге. 1599 оқушыны оқу құралдары мен киім кешекпен қамтуға 60,4 млн теңге. 500 баланы қала сыртындағы сауықтыру лагеріне апару үшін 29,7 млн теңге. 1099 оқушыны мектеп жанындағы сауықтыру лагеріне тегін қамту үшін 5,5 млн теңге қаралып отыр.

Құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстары

2023 жылы Жаңаталап ауылында орналасқан Жаңаталап орта мектебі жанынан 79 928,9 мың теңгеге «72 орындық Асхана және 84 орындық мәжіліс залының» құрылысы салынды және 106 706,8 мың теңгеге «Спорт зал» құрылысы салынып. Қазіргі таңда, тапсырыс берушісі Жамбыл облыстық құрылыс басқармасы тарапынан қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

            Сонымен қатар, Маятас ауылына 365 997,3 мың теңгеге «50 орындық жаңа мектептің» құрылысы басталды, аяқталу мерзімі 15.07.2024 жыл. 2023 жылы Жаңатас қаласында орналасқан 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: 75 809,0 мың тенгеге М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және 287 563,3 мың тенгеге Абылайхан атындағы мектеп лицейінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

            2024 жылы Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Ж.Отарбаев атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ұшін 116 млн теңге, және облыстық бюджет есебінен Абай орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстары үшін 248 млн теңге бөлініп отыр.

Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы