Меню

Страницы

Статья

Қамқалы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттардың қатысуымен комиссия отырысы өтті

Қамқалы ауылдық округі  әкіміне тіркелген кандидаттардың қатысуымен комиссия отырысы өтті

 

2024 жылғы  13 мамырда  Сарысу аудандық сайлау комиссиясының  отырысы  болып өтті.  Комиссия отырысына  2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Қамқалы ауылдық округі  әкіміне тіркелген кандидаттар А. Оспанов, М.Толеутай, О.Узекбаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысын аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Л.Ерсейтова ашып, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша айтып өтті.

Аталған ауылдық округ әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың күнтізбелік  жоспарына сәйкес, комиссия мүшесі А.Утеева тіркелген кандидаттарға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының сайлау алдындағы үгітке байланысты 27-32 баптарының тармақтарына  тоқталып, осы заңның  113-5 бабының 11-тармағында белгіленген өзге де жағдайлар анықталса аумақтық сайлау комиссиясы  кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жоятындығы туралы ескертіп, осы  заңның 50- бабына сәйкес Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені жөнінде айтып өтті.

 «Сайлауды мемлекеттік қаржыландыру» тақырыбы бойынша  комиссия мүшесі А.Дәуренбекқызы тіркелген кандидаттарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Комиссия мүшелері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының  Конституциялық заңының талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кандидаттардың қойылған сұрақтарына                 жан -жақты жауап берді.

 

Сарысу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 мая 2024
Дата обновления
13 мая 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
19 октября 2026
САРЫСУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
18 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы