САРЫСУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
ШЕШІМІ
Жаңатас қаласы №6 24.04.2024 жыл
Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округі
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Сарысу ауданында 2024 жылғы 2 маусымға Қамқалы ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2024 жылғы 2 маусымға тағайындалған Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын.
Комиссия төрағасы Д. Шортанбаев
Комиссия хатшысы М. Кумісбеков