Меню

Страницы

Статья

2024 жылдың 1 қаңтарға Сарысу ауданы бюджетінің орындалуы туралы ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

2024 жылдың 1 қаңтарға Сарысу ауданы бюджетінің (төртінші деңгеймен қоса) кіріс бөлігінің жоспары 15101,6 млн. теңге болса, нақты түскені 15575,0 млн. теңге, орындалу көрсеткіші 103,1 пайызды құрады. Оның ішінде:

 

Бюджетке түсетін салықтық түсімдер 111,3 пайызға орындалды.

Салықтық емес түсімдер жоспардан  154,5 млн. теңге артығымен түсті.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша 110,5 пайызға қамтамасыз етіліп 16,8 млн. теңге артық түсті.

Трансферттер жоспары 100 пайызға орындалды.

Жалпы кірістер бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім бар. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 800,0 млн. теңгеге, яғни өсім 131,6 пайызға артқан.

Сарысу ауданы бюджетінің шығындары (кредиттерді қоса алғанда) бойынша жоспардағы 15591,5 млн. теңгенің 15464,9 млн.  теңге игеріліп, 99,2 пайызға қамтамасыз етілді.

Игерілмеген қаржы 126,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде:

Халықты әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып  алуға бөлінген қаржының 30,1 млн. теңгесі мемлекеттік сатып алу конкурстарының нәтижесімен үнемделді.

Тоғызкент елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау бойынша 88,4 млн. теңге жобалық сметалық құжаттардың қайта түетуден өткізу сараптамасының кеш шығуына байланысты мердігер «Спецкоммунстрой» ЖШС тарапынан жұмыстардың атқарылмауы салдарынан игерілмеді.

 Республикалық бюджеттен ағымдағы және даму трансферттеріне бөлінген  3046,5 млн. теңгенің 3024,4 млн. теңгесі игеріліп, мемлекеттік сатып алу қорытындысымен үнемделген 22,1 млн. теңге кері қайтарылатын болады. Облыстық бюджет есебінен бөлінген 3293,8 млн. теңгенің 3284,6 млн. теңгесі игерілді. Игерілмеген қаржы 9,2 млн. теңгені құрады. Мұның ішінде,   мемлекеттік сатып алу қорытындысымен 1,7 млн. теңге үнемделді. «Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін 35 кв ӘЖ және 35/кв ҚС салу» нысаны бойынша мердігер «ABM BUILDING 2007» ЖШС тарапынан қабылдап алу жұмыстары аяқталмауына байланысты 7,5 млн. теңге игерілмеді.

Даму бағдарламаларының іске асырылуына бөлінген қаржы көлемі толығымен игеріліп, түпкі нәтижеге қол жеткізілді. Атап айтқанда:

          Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне (Строитель, Горняк, Фосфорит) су құбыры желілерінің құрылысын салуға 146 040,0 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Нысан өтпелі болып табылады.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне электр желісінің құрылысын салуға 47 764,0 мың теңге бөлініп,  толық игерілді.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «Строитель» алқабы газ желілері құрылысын салуға 27 401,0 мың теңге бөлініп,  толық игерілді.

Саысу ауданы, Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Газбен жабдықтау 50 622,0 мың теңге бөлініп,  толық игерілді.

Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы «Строитель» массивіне (Строитель, Горняк, Фосфорит) су құбыры желілерінің құрылысын салуға 256 584,0  мың теңге бөлініп, толық игерілді.

2023 жылы жергілікті атқаушы органның резерві есебінен жүргізілген шығыстар көлемі 44280,0 мың теңге.  Бөлінген қаржы толық игерілді.

Облыс көлемінде бірыңғай ұйымдастырушысы облыс әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша «Ашық конкурс» тәсілімен 2023 жылдың шілде айына 12 лот бойынша жалпы соммасы 6,23 млрд.теңгеге жарияланып, 208,8 млн.теңге үнемделді.

Одан бөлек, аудан көлемінде бірыңғай ұйымдастырушысы аудан әкімдігінің қаржы бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша «Ашық конкурс» тәсілімен 2023 жылдың шілде айына 109 лот бойынша жалпы соммасы 1,37 млрд. теңгеге жарияланып, 127,9 млн.теңге үнемделді.

Сонымен қатар, аудан көлемінде ауылдық окрутер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне «Баға ұсынысы» тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг нәтижесінде 2023 жылдың шілде айына 56 лот бойынша жалпы соммасы 938,1 млн.теңгеге жарияланып, 135,5 млн.теңге үнемделді (лоттың құны 1,0 млн.теңгеден жоғары).

Жалпы «Мемлекеттік сатып алуды» жүзеге асыру қағидаларындағы «Бір көзден сатып алу» рәсімдерінің жүруіне жол берілмеуге қатаң бақылауға алынған және аудан әкімдігінің қаржы бөлімі тарапынан үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

Дата публикации
14 февраля 2024
Дата обновления
14 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы