Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың IV тоқсанында Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарында (ЖАО) көрсетілген қызметтер жөніндегі талдау анықтамасы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

2023 жылдың 4-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Түркістан ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы сәйкес анықталған  1 кемшілік бойынша 4 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.

Бұдан әрі, ішкі бақылау жұмыстары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде жүргізіліп, нәтижесінде 24 кемшілік анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды. Бөлімнің жауапты маманы М. Туребековаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес, Жаңатас қаласы және ауылдық округтерде, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінде «е-Өтініш» АЖ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тіркелуі және қызмет көрсетілуіне жоспардан тыс ішкі бақылау нәтижесінде 8 кемшілік анықталып, түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

 2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

2023 жылдың IV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.

Төртінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 95  адамды қамтыған 3 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Аудандық «Сарысу газеті» басылымында Түркістан және Сарысу аудандық Мансаптық орталығы тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, 2023 жылдың IV тоқсанында Сарысу ауданы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, халықты жұмыспен қамту салалары бойынша жауапты мамандардың қатысуымен онлайн жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге барлығы 40 адам қатысып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.

         2023 жылдың IV тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.

 

Дата публикации
12 января 2024
Дата обновления
12 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы
19 октября 2026
САРЫСУ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
18 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы