2023 жылдың 4-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Түркістан ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы сәйкес анықталған 1 кемшілік бойынша 4 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
Бұдан әрі, ішкі бақылау жұмыстары Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінде жүргізіліп, нәтижесінде 24 кемшілік анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды. Бөлімнің жауапты маманы М. Туребековаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің хатына сәйкес, Жаңатас қаласы және ауылдық округтерде, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінде «е-Өтініш» АЖ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тіркелуі және қызмет көрсетілуіне жоспардан тыс ішкі бақылау нәтижесінде 8 кемшілік анықталып, түсіндерме жұмыстары жүргізілді.