Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданда жергілікті атқарушы органдарымен 52 қызмет көрсетіледі (кіші түрін қоса алғанда 97 қызмет).
Оның ішінде:
2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 8 348 қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2023 жылдың IV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Төртінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 95 адамды қамтыған 3 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Аудандық «Сарысу газеті» басылымында Түркістан және Сарысу аудандық Мансаптық орталығы тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, 2023 жылдың IV тоқсанында Сарысу ауданы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, құрылыс және қала құрылысы, халықты жұмыспен қамту салалары бойынша жауапты мамандардың қатысуымен онлайн жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге барлығы 40 адам қатысып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
2023 жылдың IV тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.