Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімінде және сапалы орындалуына ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу бойынша аудан әкімімен 2023 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Ағымдағы жылы аталған сала бойынша жоспарланған 7 ішкі бақылау жұмыстары (Жаңаталап, Жайылма, Досбол, Түркістан ауылдық округі әкімінің аппараттары мен аудан әкімдігінің жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы және сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдері) жүргізілді.
Ішкі бақылау жұмыстарының нәтижесінде 57 заң бұзушылықтар анықталып, 6 тұлғаның тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Анықталған заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында, анықталған заң бұзушылықтар туралы ақпарат қызмет көрсетуші мекемелердің назарына жеткізілді.
Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратында анықталған бұзушылықтар бойынша ауыл әкімі Т.Абдраевтың және жауапты маман Қ.Мухитдиновтың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды. Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі бойынша бас маман Н.Әжібековке «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза тағайындалды. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі С.Добрынинге, Жайылма ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Т.Жарылқасынға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза, сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімнің бас маманы М.Туребековаға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза тағайындалған.