Барлығы - 38 жоба 13,6 млрд. теңге. Оның ішінде:
- Жаңаталап орта мектебіне жапсарлас спорт залы мен жапсарлас асхана және мәжіліс залы құрылысын салуға 2 жоба -194,4 млн.теңге (РБ-175,0 млн.теңге, ОБ-19,4 млн.теңге);
- Өндіріс ауылындағы клуб үйін күрделі жөндеуге 222,5 млн. теңге (ОБ);
- Саудакент, Игілік, Жанаталап, Ұйым, Жайылма және Тоғызкент ауылдарының ауыл ішілік 12 көшенің жол жабындысын орта жөндеу (10,47 км) және 1 көшені жарықтандырумен қоса (1,9 км) 10 жобаға 298,9 мың теңге (оның ішінде: РБ – 269,0 млн.тг., аудандық бюджет-29,9 млн.тг.).
- Жаңатас қаласындағы 2 шағын аудан №32 (90 пәтер) көпқабатты үй ғимаратын қайта жаңғырту 159,5 млн.теңге (ОБ);
- Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй сатып алуға– 1545,6 млн. теңге (РБ -768,0 млн. тг, ҰҚ -777,6 млн.тг);
-Жайлаукөл ауылында ауысымына 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу 245,1 млн.теңге (ҰҚ 221,7 млн.тг, ОБ-23,4 млн.тг);
- Жаңатас қаласы «Строитель» масивіне (Строитель, Горняк, Фосфарит) су құбыры желілерінің құрылысын салу 445,7 млн. теңге (ҰҚ – 146,0 млн.тг, РБ- 256,6 млн. теңге, ОБ – 43,1 млн. тг);
- Жаңатас қаласында «Строитель» массивіне электр желісінің құрылысын салу– 49,8 млн. теңге (ҰҚ – 47,8 млн.тг, ОБ –2,0 млн. тг);
- Жанатас қаласы «Строитель» алқабы газ желілері құрылысын салу– 28,5 млн. теңге (РБ – 27,4 млн. тг, ОБ – 1,1 млн. тг);
- «Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Газбен жабдықтау»– 56,5 млн. теңге (РБ – 50,6 млн. тг, ОБ – 5,9 млн.тг);
- Ақтоғай ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту 327,1 млн. теңге (ҰҚ -295,9 млн, тг, ОБ-31,2 млн. тг);
- Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту 572,3 млн. теңге (ҰҚ-553,0 млн. тг, ОБ -19,3 млн. тг);
- Тоғызкент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту 407,8млн.теңге (ҰҚ 368,5 млн. тг, ОБ -39,3 млн. тг);
- Үшбас ауылының су құбыры желілерінің құрылысын салу 206,1 млн. теңге (ОБ);
- Шағалалы ауылының су құбыры желілерінің құрылысын салу -238,7 млн. теңге (ОБ);
-Суды тазарту үшін контейнерлік блок-модульдік станцияларды сатып алуға және орнатуға (Ақтам және Майлыкөл ауылдарына) 52,3 млн.теңге (ОБ);
- Сарысу ауданы 14 елді мекендерін (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) (жеткізілетін, тарататын) газ құбырларын салу мен газдандыру 3640,1 млн. теңге (ҰҚ -2 322,7 млн. тг, ОБ -1317,4 млн. тг);
-Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы 1098,8 млн. теңге (ОБ);
- Шағалалы ауылын газбен жабдықтауға 93,3 млн. теңге (ОБ);
- Шағалалы ауылына кіре беріс жолды орта жөндеу –270,0 млн. теңге (ОБ/АБ);
- Маятас ауылында 50 оқушыға арналған мектеп құрылысын салу-1,0 млн.теңге (ОБ);
- Жаңатас қаласында орналасқан қалалық қазандықты газдандыру-620,4 млн.теңге (РБ-103,1 млн.тг, ҰҚ-455,3 млн.тг, ОБ 62,0 млн.тг);
- Жаңатас қаласындағы Абылайхан орта мектебін күрделі жөндеу -316,0 млн. теңге (ОБ);
- Жаңатас қаласындағы М.Әуезов орта мектебін күрделі жөндеу -84,6 млн. теңге (ОБ);
-Жайылма ауылдық округі, Бүркітті каналын қайта жаңғырту 117,9 млн теңге (ОБ);
2022 жылы атқарылған негізгі жобалар
Барлығы - 26 жоба 6,7 млрд. теңге. Оның ішінде:
- Әбілда ауылында ауысымда 5 келушіге арналған медициналық пункті құрылысын салуға– 65,8 млн.теңге;
- 4 елді мекенде (Саудакент, Жайылма,Қызылдихан, Игілік,) 211,4 млн.теңгеге ауыл ішілік 15 көшенің жол жабындысын орта жөндеу жұмыстары.
- Жайылма-Түркістан, Жайылма ауылдарына кіре беріс жолын орта жөндеу 282,6 млн. теңге (ҚР ҰҚ КТ, ОБ, аудандық бюджет);
- Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының ИКИ салу. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі -106,8 млн.теңге (ҰҚ, ОБ);
- Жаңатас қаласының 4-ші және 5-ші шағын аудандарының ИКИ салу. Электрмен жабдықтау -94,4 млн. теңге (ҰҚ/ОБ);
- Жаңатас қаласындағы "ЕвроХим-Қаратау" ЖШС-ның химиялық кешеніне дейін жоғары қысымды газ құбырының құрылысы 1743,6 млн.теңге (ҰҚ, ОБ);
- Сарысу ауданы 14 елді мекендерін (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды) (жеткізілетін, тарататын) газ құбырларын салу мен газдандыру - 1626,3 млн.теңге (ҰҚ, ОБ);
-Тоғызкент ауылында бір ауысымда 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу -150,1 млн. теңге (ОБ);
- Жаңатас қаласындағы ауысымына 30 келушіге арналған Дегерес дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы -137,9 млн.теңге (ОБ);
- Жаңатас цемент зауытын электрмен жабдықтау үшін - 71,6 млн.тг. (ОБ, аудандық бюджет);
- Ауданда қуаты жылына 400 мың тонна кальцийленген сода өндіру зауытының шекарасына дейін Ақкөл көлінен су тартқышты салу (бірінші кезек) - 2222,2 млн.теңге. (ОБ).