Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның міндеті

Сыбайлас жемқорлық ол – қоғам дерті. Онымен күресу баршаның міндеті. Аталған мәселенің өзектілігін бірінші кезекте қарапайым тұрғындарға жеткізу қажет.
Өткен жұма күні ауданға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Байгебаев Қайрат Оразбекұлы жұмыс сапарымен келді.
Алдымен аудандық білім бөлімінің ғимаратында білім беру мекемелерінің қызметкерлерімен, одан кейін аудандық ауруханада медицина саласының қызметкерлерімен кездескен Қайрат Оразбекұлы аудандық мәдениет үйінде «Бизнеске жол» жобасы аясында аудан кәсіпкерлерін қабылдады.
Бұдан соң аудан әкімдігінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Байгебаев Қайрат Оразбекұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және Жаңатас қаласы мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлық» жобасы аясында Сарысу ауданында «Адалдыққа бір қадам» атты жобасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Қ. Рысдәулет, №4 Үлгілік базалық бағыт бойынша атқарылған жұмыстар және «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық жоспардың орындалуы туралы аудан әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Ж. Құдайбергенов, «Сарысу ауданы әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2023 жылға арналған жоспарының орындалуы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған жұмыстар туралы» аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова, Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімі, аудандық орталық аурухана басшылары хабарлама жасады. Комиссияның 2024 жылға арналған жоспары бекітілді.
Комиссия отырысына арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Байгебаев Қайрат Оразбекұлы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігіне, мәселенің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, заңгерлер, нотариус, сот орындаушы және адвокаттың қатысуымен аудан тұрғындары арасында тегін заңгерлік көмек көрсету акциясы өтті.
Дата публикации
21 ноября 2023
Дата обновления
21 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Ақпарат
22 октября 2026
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы