Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстаудың дайындық шаралары мен жалпы жолдардың жағдайы туралы» мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК, АЖ және ТҮИ бөлімінің басшысы Д. Шалбаев хабарлама жасады.
Аудандағы автомобиль жолдары мен елді-мекен көшелерінің желісі барлығы 535,47 шақырымды құрайды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. 2023 жылы аудандық жол құрылыс саласына 639,3 млн. теңге бөлінді. Барлығы 11 жол жөндеу жобалары іске асырылды.
Аудан аумағындағы облыстық жолдарды күтіп-ұстауға ағымдағы жылдың басында облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен «Сарысу жолдары» ЖШС-і арасында келісім-шарт жасалған. Бүгінгі күнге, мердігер тарапынан тұйықта 1000 тонна құм араласқан тұз және 15 дана техника дайындалған. (2-грейдер, 2-зил, 2-пескоразбрасыватель, 2-погрузчик, 2-прицеп, 4-камаз, 1-МТЗ80).
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарына (IV тоқсанға) аудандық бюджеттен 3,4 млн.теңге қаржы қаралып, мердігер анықталған (мердігер – «Sholan-Bay» ЖШС). Қазіргі уақытта мердігер тарапынан аудандық маңызы бар жолдардың қауіпті деген Түркістан, Арыстанды, Үшбас ауылдарындағы жолдардың бойына тұз араласқан 10 тонна құм түсірілді. Мердігердің қоймасында 300 тонна құм, 80 тонна тұз араласқан құм сақталуда.
Жаңатас қаласындағы жолдарды күтіп ұстауға аудандық бюджеттен 7,8 млн. теңге қаржы қаралған, «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес мердігер анықталу үстінде. Сонымен қатар, Жаңатас қаласының жолдарына жол белгілерін орнату және жол жолақтарын сызуға аудандық бюджеттен 9,3 млн. теңге қаржы қаралып,109 жол белгісі және қаладағы барлық жаяу жүргінші жолақтары қайта жаңартылып сызылды.
Күн тәртібінде «Аудандағы мемлекеттік рәміздердің жай-күйі және облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан жүргізілген зерделеудің қорытындысы туралы» екінші мәселе қаралды.
Бұл мәселеге байланысты аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Г. Алтынбекова баяндады.
2023 жылдың 14-16 қараша аралығында Жаңатас қаласы мен ауылдық округтердегі жергілікті атқарушы органдар мен білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласына қарасты мекемелердегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді пайдалану және қолдануына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеуде қала мен ауылдық округтерде 100-ге жуық мекеме қамтылды. Мекемелерге зерделеу жұмыстары заңнама талаптарына сәйкес қаралды. Баяндамашы зерделеу барысында Жаңатас қаласы және ауылдық округтер бойынша анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіру керектігін айтты.
Жалпы, ауданда ғимарат сыртында орналастырылған мемлекеттік Ту саны 87 дана, басшылардың кабинетінде 61 дана, мектептердің оқшауланған орындарында 27 дана, барлығы 175 дана Ту орналастырылған. Аудандағы мемлекеттік мекемелерде орналастырылған мемлекеттік Елтаңбалар саны 378. Олардың ішінде 230 дана 120 мм көлеміндегі (мекеме атауы жазылған тақтайшаларда орналасқан), 146 дана 500 мм көлеміндегі басшылардың кабинеттерінде және ғимараттардың сыртында орналасқан. 2 данасы 1 метрлік Мемлекеттік Елтаңбалар.) 2621 Мемлекеттік Ту, 5750 мемлекеттік Елтаңба орналастырылған (оның ішінде 120 мм – 3404, 250 мм – 309, 500 мм – 1987, 1м – 48, 2 м – 2 дана).
Сонымен қатар, аппараттық кеңесте қосымша мәселелер қаралды.
«Ауданда спорт саласында атқарылған жұмыстар мен өзекті мәселелер туралы» аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Бердібаев және «Аудандық салық түсімдерінің орындалуы туралы» Сарысу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы О.Тоқтарбеков атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасады.
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша сала басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі