Бүгінгі Жаңатас қаласының әкімінің сайлауына 18 жастан асқан азаматтар қатысуға құқылы. Үйінен шыға алмайтын қарт адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да саяси науқанға қатыса алады.
Қаладағы мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар саны – 738 адам, үйден дауыс беруге өтініш бергендері - 25. Үйден дауыс беретін мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайтын 2 инватакси қызмет етеді.