Меню

Страницы

Статья

Сарысу ауданы әкімдігіне қарасты әлеуметтік сала қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сарысу ауданы әкімдігіне қарасты әлеуметтік сала қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

         Жаңатас қаласы                                                                       тамыз 2023 жыл                                                                                        

Ішкі талдау объектісі: Сарысу ауданы әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі», «Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі», «Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» комуналдық мемлекеттік мекемелері.

Кезеңі: 2022-2023 жылдар аралығы.                                                                    

Жауапты уәкілетті тұлғалар: Жақсыпейлова Салтанат Сейтжанқызы – бөлім басшысы, Тілеубаев Қанат шалбайұлы – бөлім басшысы, Алтынбекова Гүлнұр Пернебекқызы-бөлім басшысы, Бердібаев Айбол Абжаппарұлы – бөлім басшысы.

         «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелген) жүргізілді.

         Бөлімнің құрылымы:  

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі: мемлекеттік қызметшілер саны – 3 адам. Келісім-шарт мамандары – 2 адам, барлығы – 5 адам.  

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі: мемлекеттік қызметшілер саны – 6 адам. Келісім-шарт мамандары – 3 адам, барлығы – 9 адам. 

Ішкі саясат бөлімі: мемлекеттік қызметшілер саны – 5 адам. Келісім-шарт мамандары – 3 адам, барлығы – 8 адам. 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі: мемлекеттік қызметшілер саны – 3 адам. Келісім-шарт мамандары – 3 адам, барлығы – 6 адам. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар мен өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылды:

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімдер өз қызметінде басшылыққа алатын және олардың негізгі қызметін қозғайтын төмендегі нормативтік-құқықтық актілер зерделенді.

          Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

         Қазақстан Республикасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес бөлімде және оған ведомстволық бағынысты мекемеде 2019, 2020 жылдардың есептік кезеңдерінде мүдделер қақтығы орын алмаған.  

Қазақстан Республикасындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқарған адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынатындығы көрсетілген.

Жоғарыда аталған адамдар тікелей басшысына не өздері жұмыс істейтін ұйымның басшылығына туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындауы мүмкіндігі туралы, өздеріне бұл жөнінде мәлім болысымен жазбаша нысанда хабарлауға міндетті екендігі ескертілген.

Мекеменің тікелей басшысы не ұйымның басшылығы жоғарыда аталған адамдардың өтініштері бойынша немесе басқа да көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу бойынша төмендегі шараларды уақтылы қабылдау қажет:

         - жоғарыда аталған адамдарды лауазымдық міндеттерін орындаудан шеттетуге және мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкін мәселе бойынша лауазымдық міндеттерді орындауды басқа адамға тапсыруға;

         - лауазымдық міндеттерін өзгертуге;

- мүдделер қақтығысын жою бойынша өзге де шаралар қабылдауға міндетті.

            Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

         Әлеуметтік сала бөлімдері ішінде дене шынықтыру және спорт бөлімі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында ЖАО көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімі келесідей:

  1. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру;

Жоғарыда аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде 05.02.2020 жылы №19982 болып тіркелген.

2022, 2023 жылдардың есептік кезеңдерінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты шағымдар түспеген.

  1. Жұмеспен қамту саласында «Тұрғын үй көмегін тағайындау», «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу», «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау», «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау», «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру», «Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектігі бар құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар -балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу», «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу», «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру», «Ақталған адамға куәлік беру», «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» басты қызмет түрлерінен қызметтер көрсету үстінде.

Жоғарыда аталған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 31.01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығымен бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде 05.02.2020 жылы №19982 болып тіркелген.

2022, 2023 жылдардың есептік кезеңдерінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысты шағымдар түспеген.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша:

Бөлімдердің Ережесінде функционалдық міндеттеріне сәйкес рұқсат беру құзыреті жоқ.

Бақылау функцияларын іске асыру бойынша:

Әлеуметтік сала бөлімдері өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады.

Бөлімдер аталған нормативтік-құқықтық актілердің ауданда және жергілікті жерлерде іске асырылуын бақылайды және ол бойынша есеп береді.

Есептік кезеңде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуына бақылау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмаған.

         Ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша:        

            Бөлімдердің негізгі функционалдық қызметі бойынша әлеуметтік саладағы аудан әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін әзірлейді және бекітуге ұсынады, өзекті проблемаларды анықтау және шешу, дене шынықтыру және спорт, жұмысмен қамту, мәдениет, ішкі саясат, тілдерді дамыту саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізеді.  

         Есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша БАҚ-да 2020 жылы                5 жарияланым болған.

         Бөлімдерге есептік кезеңдерінде жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтай отырып, мерзімінде жауаптар берілген.

         Прокурорлық қадағалау актiлерi - 2022-2023 ж.ж. есептік кезеңдерінде бөлімдерге және оған бағынысты ведомстволық кәсіпорындарда прокурорлық қадағалау актісі түскен жоқ.

         Сотқа жүгіну бойынша: Бөлімдерде сотқа жүгіну әрекеті орын алмаған.

         Өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттары және орындалу мерзімдері:

          Бөлімдер бөлінген бюджет қаражаттары, өткізілген мемлекеттік сатып алулар саны және өткізу тәсілі, олардың қорытындылары мен келісім шарттары Қазақстан Республикасының заңдары аясында жүргізіледі.

         2022-2023 ж.ж. есептік кезеңдерінде ҚР мемлекеттік сатып алу порталын зерделеу барысында бір көзден бір өнім ұсынушымен тікелей бірнеше рет келісімшарт жасасу деректері орын алмаған.

           Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

Бөлім және ведомстволық бағынысты мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ағымдағы жылдың есептік кезеңінде профилактикалық және атқарылған іс-шаралар ақпараты төмендегідей:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша бөлімдерде құқықтық оқыту бағыты бір жүйеге қойылған. Тақырыптары талапқа сай алынған.

Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін уақтылы және толық қарастырылуын қамтамасыз ету, олар бойынша шешім қабылдап, заңмен білгіленген мерзімде өтініш иесіне жауап қайтару бөлімнің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарламаларға жедел түрде шара қолдану мақсатында бөлім басшысы азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдауын жүргізеді.

Келіп түскен өтініштер бойынша заңнамамен белгіленген мерзімде түсінік беріліп, қажеттілік туындаған жағдайда құзыреттілік шеңберінде шаралар қолданылады.

Cыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына тікелей жауап беретін «сенім телефоны» жұмыс істеп келеді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бұрышы мен өтініштер үшін арнайы жәшік орнатылған.

2022, 2023 жылдардың есептік кезеңдерінде бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан сыбайлас жемқорлық сипаттағы құқық бұзушылық фактілері орын алмаған.

Қорытындылай келе бөлімдерге келесі іс-шаралар ұсынылады:

Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне:

  1. Дене шынықтыру және спорт саласындағы спорт ғимараттарына келушілерді есепке алуды ұдайы қатаң бақылауда ұстау;
  2. Ұлттық спорт түрлерінен спорт нысандарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізу;
  3. Жаңатас қаласы ат спорты түрлерінен арнайы нысан белгілеу.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне:

  1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша жұмыстарды орындау барысында Қазақстан Республикасының еңбек, мемлекеттік қызмет заңнамаларын қатаң сақтап, басшылыққа алу және кадрлардың жиі ауысу фактілеріне жол бермеу;
  2. Мүдделер қақтығысына жол бермеу;
  3. Өткізілген іс-шараларды алдын-ала әлеуметтік желі парақшаларына салу;
  4. Өткізілген ауықымды іс-шаралар бойынша мақала жариялау жұмыстарын күшейту.

Аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне:

  1. Бөлімнің Ережесіндегі бақылау функцияларын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген талаптарды бұзылуына жол бермеу;
  2. Бөлімге және Орталыққа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне мерзімінде жауап беру, өтініште көрсетілген мәселелер құзіретіне кірмесе, сол өтінішті заңнамаға сәйкес құзіретіне кіретін органға мерзімінде жолдау;
  3. Мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік нысандарға еркін кіріп-шығуына жағдай жасау жұмыстарын жүргізу;
  4. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың құрамына талдау жасау, оның ішінде ұзақ жылдар бойы аталған көмек түрін үзбей алып келе жатқан азаматшалардың еңбек тәртібін қайта зерделеу.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне:

  1. Жұмыс барысында және жұмыстан тыс уақытта Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша жұмыстарды жандандыру;
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  3. Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде берілген әлеуметтік бағдарламаларға бақылау жұмыстарын күшейту;
  4. Өткізілген мерекеліс іс-шаралардың суреттерін толықтырып, әлеуметтік желі парақшаларында жариялау

 

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы топ мүшелері:

 

Сейдалиев

Заңғар Өзбекұлы

 

Аудан әкімінің аппарат басшысының м.а., топ жетекшісі

 

Құдайбергенов

Жеңіс Орынбасарұлы

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы

Дәуренбекқызы

Алима

 

Аудан әкімінің аппараты кеңсе бөлімшесінің меңгерушісі, топ мүшесі

Бимбетов

Дәутбек Зулбухарұлы

 

Сарысу аудандық қоғамдық кеңес мүшесі, топ мүшесі (келісім бойынша)

Орынбаев

Жұмәлі Наргелұлы

 

Сарысу аудандық ардагерлер кеңесі ұйымының мүшесі, топ мүшесі (келісім бойынша)

 

Дата публикации
28 августа 2023
Дата обновления
28 августа 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті
Ақпарат
22 октября 2026
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ОКРУГТІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІНЕ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
20 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы