ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен ақпараттық жүйелердегі іркілістерге және халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өзге де проблемалық мәселелер бойынша шұғыл әрекет ету, оларды ұсыну сапасына мониторинг жүргізу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында өңірлік «Telegram арнасы» іске қосылды.
Егер сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға, олардың көрсетілу сапасына қатысты сұрақтарыңыз болса, кеңесті 08.onay.qyzmet Telegram арнасы арқылы алуыңызға болады.