Мүдделі тараптармен өзара әрекет жоспары
Қараша 2022 жыл
Жария құжат
Аты: Наурызбек Жумагазин, Аймақтық әкімшілік менеджері
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауд., 2 құрылыс, 4 кеңсе
Телефон: +7 727 355 8844
Факс: +7 727 355 8833
Email: info@sarysuwpp.kz
Мазмұны
(ЭжӘ) мәселелер бойынша ішкі мәжілістері.................................................................. 19
мәжілістер.......................................................................................................................... 20
1 ҚОСЫМША – Шағым түсіру және оны қарау процедурасы және шағым
формасы................................................................................................................................ 24
Бұл құжат «Қуаты 100 МВт Шоқпар жел электрстанциясының (ЖЭС) құрылысы» жобасы бойынша мүдделі тараптармен өзара әрекет жоспары (МТӨЖ) болып келеді. Осы құжатта Жамбыл облысында қуаты 100 МВт ЖЭС құрылысын салу мен пайдалануға қатысты тиісті мүдделі тараптар, байланыс арналары және жоспарлар анықталған, Оңтүстік Қазақстан
МТӨЖ-де ұлттық заңнамаға, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) 2019 жылға арналған Экологиялық және әлеуметтік саясатына шолу, ЕҚДБ-ның 10 жобасын іске асыруға қойылатын талаптары: Ақпаратты ашу және мүдделі тараптарды, Еуропалық Одақтың (ЕО) директиваларын және ақпаратты ашуға байланысты озық халықаралық практиканы тарту ұсынылған. Онда мүдделі тараптармен өзара әрекет пен жұртшылыққа консультациялар өткізуге жалпы көзқарас баяндалған.
Бұл МТӨЖ атқарушы органның мүдделі тараптармен өзара әрекет, консультациялар өткізу және ЕҚДБ-ның Шоқпар ЖЭС-ке ұсынылатын инвестицияларына байланысты ақпаратты ашу жөніндегі міндеттемелері баяндалатын жария құжат болып табылады.
«Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС (ШЖЭС) – осы Жобада көзделген ЖЭС құрылысы мен пайдалануын жүзеге асыратын компания. Жұртшылық осы МТӨЖ-ге (қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде) жобаның веб-сайтында (ол жасалған кезде) қол жеткізе алады және таныса алады.
Осы МТӨЖ-дің мақсаты Жоба бойынша мүдделі тараптармен өзара әрекет қалай жүзеге асырылатынын және «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС мен жергілікті тұрғындар арасындағы ұзақ мерзімді қатынастар қалай сақталатынын анықтау болып табылады. Бұл МТӨЖ сондай-ақ Жобаның қатысы бар тұлғалардың және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен жан-жақты қамтылған және дер кезінде ақпараттандыруға, жетілдіруге және шешімдер қабылдауға жәрдемдесуге, сондай-ақ осы топтарға Жоба туралы өз пікірін білдіру үшін жеткілікті мүмкіндіктер беруге бағытталған.
МТӨЖ-де бүгінгі күні жүргізілген жұртшылықпен консультациялар қысқаша сипатталады және мүдделі тараптарды жел электр станциясына байланысты сипат пен ықтимал әсерлер туралы хабардар ету үшін Жоба аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар анықталады.
МТӨЖ-де тиісті мүдделі тараптар көрсетілген, коммуникацияның барынша қолайлы арналары мен стратегиялары, ақпаратты ашуға қойылатын талаптар және қабылданатын шағымдарды қарау процедуралары көрсетілген мүдделі тараптардың кестесі бар. Егер МТӨЖ-ге енгізілмеген мүдделі тараптар болса, олар жоба туралы ақпарат алу және осы МТӨЖ аясында мүдделі тараптармен өзара әрекет бағдарламасына қосу үшін жоғарыда аталған байланыс тұлғасына хабарласа алады.
МТӨЖ-дің нақты мақсаттары төменде сипатталған:
Осы МТӨЖ жүзеге асыру үшін жауапкершілік келесі тұлғаға жүктеледі: Наурызбек Жумагазин, Аймақтық әкімшілік менеджері
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауд., 2 құрылыс, 4 кеңсе
Телефон: +7 747 271 1469
Факс: +7 727 355 8833
Email: info@sarysuwpp.kz
Бұл МТӨЖ «Шоқпар жел электрстанциясының құрылысы» жобасы бойынша мердігердің қызметімен қоса «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-ның қызметін қамтиды. Жоспар келесі тараулардан тұрады:
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС Қазақстан Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы белгіленген қуаты 100 МВт болатын желэлектрстанциясының құрылысын салуды жоспарлап отыр (төмендегі 1 суретті қараңыз). Жоба қуаттылығы 4,8 МВт болатын Envision (EN-156) компаниясы шығарған 22 Жел Энергетикалық қондырғыны (ЖЭҚ), қуаттылығы 220 кВ жаңа көтергіш қосалқы станцияны және жаңа қосалқы станцияны қолданыстағы Опорная» ҚС қосу торабымен қосатын қуаттылығы 220 кВ қос желілі электр беру желісін қамтиды (жобаның схемасы төмендегі 2-суретте көрсетілген). Қолданыстағы «Опорная» қосалқы станциясы жаңа қосылу желілерін орналастыру үшін кернеуі 220 кВ фидерлерді қосу есебінен кеңейтіледі.
Қазіргі уақытта Жоба құрылыстың бастапқы сатысы кезеңінде. жұмыстар 2022 жылғы маусымда басталды және 19айға созылады деп күтілуде. Жел электрэнергиясы станциясын пайдалануға беру 2024 жылдың қаңтарына жоспарланып отыр.
ЖЭС жобасы аймақты жаңғыртылатын энергияның тұрақты көзімен қамтамасыз етуге және Қазақстанның ұлттық деңгейде белгіленген салымның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуіне қолдау көрсетуге бағытталған. Ұзақ мерзімді перспективада табыс пен жергілікті бюджетті ұлғайту, сондай-ақ аймақты энергиямен жабдықтаудың жалпы сенімділігін арттыру көзделеді.
2 сурет – Жаңатас қаласының маңындағы Шоқпар ЖЭС орналасуы
Жоба мүдделі тараптармен өзара әрекет және ақпаратты ашу саласындағы негізгі ұлттық заңнамаға, сондай-ақ ратификацияланған халықаралық конвенцияларға және ЕҚДБ-нің жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарына сәйкес келетін болады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпаратты ашу және тарату, сонымен бірге жұртшылықпен консультациялар, әсіресе жобаның қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін болса, әзірлеу процесінің бір бөлігі болып табылады.
Қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасы бастапқы жоспарлардан, жобалаудан, салудан және пайдаланудан бастап объектіні жабуға дейінгі шаруашылық қызметтің барлық кезеңдерінде ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді жергілікті бағалау) жүргізуді талап етеді. Экологиялық тәуекелдерді болжау және бағалау ҚОӘБ негізгі міндеті болып табылады, оны тексеруге Мемлекеттік экологиялық сараптама жолданған.
Шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуына қатысты Қазақстан Республикасының Негізгі заңнамалық актісі Экологиялық кодекс болып табылады. Жаңа экологиялық кодекске (2021 жылғы 2 қаңтардағы жағдай бойынша) келесі қызмет түрлеріне немесе мәселелеріне байланысты өнеркәсіпті дамыту және/немесе пайдалану жобаларына тікелей қолданылатын бірқатар негізгі талаптар кіреді:
Сонымен бірге, Экологиялық кодекс қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасымен қоса (ҚОӘБ), экологиялық рұқсат алу процедурасын да белгілейді. ҚОӘБ рұқсат беру процедурасы үшін негіз жасайды, ал ҚОӘБ құжаты ластау көздері бойынша атмосфераға ластаушы заттардың барлық шығарындыларының жүктемесін бағалауды, сондай-ақ қабылдаушы су объектілеріне ағынды суларды шығарудың максималды шегін белгілейді. ҚОӘБ құжаты аяқталғаннан кейін және жергілікті билік мақұлдағаннан кейін, рұқсат беру процедурасы басталады және рұқсаттар заңнамада және ҚОӘБ-де белгіленген деңгейлерге сәйкес беріледі.
Мүдделі тараптармен өзара әрекет жасасу жөніндегі барлық қызмет ҚОӘБ процедурасымен шектеледі, оның аясында ҚОӘБ нәтижелері мен қорытындылары негізгі мүдделі тараптар мен жұртшылыққа түсініктемелер/кері байланыс алу үшін ашылуы тиіс. Мүдделі тараптармен өзара іс әрекет жария талқылауларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. Заңнама сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары бекіткенге дейін жыл сайынғы қоршаған ортаны қорғау іс-қимыл жоспарының әр шығарылымында қоғамдық талқылауды ұйымдастыруды талап етеді. Мүдделі
тараптардан ескертулер мен шағымдарды түсірудің және лларды қараудың сыртқы механизмі жоқ.
Сөйтіп, қолданыстағы заңнамалық жүйе жұртшылықпен консультациялар өткізу және шешім қабылдауға қатысу бойынша нұсқаулықтарды қарастырады, алайда мұндай қызметтің ауқымы ұсынылған жобаның түрі мен ауқымына және қоғамдық мүдде дәрежесіне байланысты. Төменде жаңа Экологиялық кодекске (2021 ж.) сәйкес мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу және жұртшылықтың қатысуы процедурасына қысқаша шолу келтірілген.
ҚОӘБ туралы есеп – жария талқылау. ҚОӘБ бойынша есеп жобасы мүдделі мемлекеттік органдардың және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен жария талқылауға жатады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган құжаттарды алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ҚОӘБ туралы есептің жобасын жария талқылаулар өткізу туралы хабарландырумен бірге ресми интернет-ресурсқа шығарады; қажет болған жағдайда орган есептің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға (басқа министрліктер мен ведомстволарға) жібереді. Жария талқылаулар өткізілетін күнге дейін 20 (жиырма) күн бұрын ҚОӘБ бастамашысы жария талқылаулар өткізілетін күн, уақыт және орын туралы хабарландыруларды қазақ және орыс тілдерінде кем дегенде бір газетте және жергілікті және өңірлік деңгейде хабар тарататын кем дегенде бір теле- болмаса радиостанцияда орналастыру арқылы жария түрде хабарлауға міндетті.
Жария талқылаулардың ұзақтығы қатарынан 5 (бес) жұмыс күнінен аспауы тиіс. Жария талқылаулар аяқталғаннан кейін хаттама жасалады, оған кем дегенде келесілер кіруі тиіс:
Жария талқылаулар хатшысы жария талқылаулар хаттамасын жасайды және сол хаттамада көрсетілген ақпараттың толықтығы мен дәлдігі үшін жауап береді. Хаттамаға төраға мен хатшы жария талқылаулар аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қол қояды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы қол қойылған хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей ресми интернет-ресурсқа шығарады. Жария талқылау хаттамасына қол қойылғаннан кейін келесі іс-шаралар өткізіледі:
Жоба 2019 жылға арналған ЕҚДБ (ЭСП) экологиялық және әлеуметтік саясатына (ЭӘС) және ЕҚДБ-нің жобалардың жүзеге асырылуына қойылатын талаптарына (ТР) сәйкес жүзеге асырылатын болады. ЕҚДБ 7 ТР (Байырғы халық) және ЕҚДБ 9 Т (Қаржылық делдалдар) бұл Жобаға қолданылайды.
Мүдделі тараптармен консультациялар жүргізуге және ақпаратты ашуға байланысты негізгі ТР – 10 ТР болады. Осы ТР-ның (PR) негізгі тиісті талаптары болып табылады:
1 кесте: ЕҚДБ-нің жобаның жүзеге асырылуына қоятын талаптары (ТР 10)
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС 2020 жылдан бастап жобаның әртүрлі мүдделі тараптарымен өзара әрекеттер жасайды, бұл алдын ала ҚОӘБ дайындау кезеңімен тұспа-тұс келді. Жобалау компаниясы келесі мекемелермен және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесті:
Жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкес ҚОӘБ туралы есеп жарияланғанға және жария талқылаулар жүргізілгенге дейін 30 күннен кешіктірмей жария талқылаулар өткізілетіні туралы хабарландырулар «Сарысу» жергілікті газетінде, «Жаңатас» жергілікті радиосында және әкімдікке кіре берістегі ақпараттық тақтадағы хабарландыруларда орналастырылды (1 сурет).
Алдын-ала ҚОӘБ жариялау/талқылау жөніндегі ресми жиналыс 2022 жылғы 21 қаңтарда сағат 18:00-де Жаңаарық ауылында өтті. Қоғамдық жиналысқа барлығы 27 адам қатысты. Компания өкілдері ұсынылған Жоба туралы ақпаратты жариялады және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Жиналыс хаттамасына сәйкес, жергілікті тұрғындар көтерген негізгі мәселелер төмендегілерге қатысты болды:
Бұрын хабарланғандай, «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС тұрғындар құрылыстың барысын бақылап, өз сұрақтарын қою үшін байланыс деректері көрсетілген веб-сайт, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі Бет жасайды жоспарлап отыр.
2022 жылғы 17 тамызда кредитордың Жобаны кешенді әлеуметтік-экологиялық сараптамасы аясында Жобалау компаниясы және жоба Инвесторлары Жобаның мүдделі тараптарымен жоғары деңгейде бірқатар қосымша консультациялар өткізді (қысқаша ақпарат 1 кестеде келтірілген).
Жобалау компаниясы мен жоба Инесторы жергілікті билікпен сындарлы қарым-қатынас орната алғаны атап өтілді. Әкімдіктер өңірдегі жел энергетикасын дамытуға терең қызығушылық танытты және жел энергетикасын әзірлеушілер мен инвесторларға қажеттілігіне қарай толық қолдау көрсетуге уәде берді.
Сарысу қаласының әкімі осы аудандағы жел энергетикасы ресурстарын дамытудың перспективалық жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісті. Оның ақпараты бойынша, жергілікті билік және (ұжымдық) инвесторлар мен жел энергетикасын әзірлеушілер арасында Қаратау – Жаңатас автомагистралі бойындағы үлкен Ақтау жотасының солтүстік беткейінде жел ресурстарын игеру жөнінде жалпы қуаттылықты 400 МВт-қа дейін кеңейту туралы меморандум бар.
1 кесте – Объектіге барған кезде өткізілген мүдделді тараптармен кездесулер
|
Өткізілген кездесулер |
Кездесулерде талқыланған негізгі сәттер |
|
Сарысу ауданы әкімдігіндегі кездесі:
- Сарысу ауданы әкімі
- Жаңатас қаласы әкімі
- Ақтоғай ауылы әкімі; және
- Жаңаарық ауылы әкімі. |
Шоқпар ЖЭС – жалпы мәртебесі және құрылыс барысы
Жобалау компаниясы Жобаның ағымдағы мәртебесі туралы қысқаша ақпарат берді – жергілікті рұқсаттар/лицензиялар алу және талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету; құрылыс жұмыстарының мәртебесі:
Шоқпар жел электрстанциясы жобасын жұртшылықтың қабылдауы қандай?
Жоба аймақтың дамуына өз үлесін қосады және аймаққа инвестиция тартуға көмектесетіні мәлімделді. Сарысу ауданы әкімдігінің, Жаңатас қаласы әкімдігінің, Жаңаарық ауылы әкімдігінің және Ақтоғай ауылы әкімдігінің жобаны толық қолдайтыны хабарланды.
Жұртшылық татапынан қандай да бір наразылық болды ма?
Ол туралы хабарланған жоқ. Жергілікті тұрғындар Жаңатас ЖЭС жобасының дамуын қадағалады; жұмыстың ерте кезеңінде барлық төрт әкімдіктің әкімдері жергілікті тұрғындарға Шоқпар ЖЭС жобасының артықшылықтарын түсіндірді. Ауылдарда кәсіпорындар болмағандықтан, жобаны қолдау жоғары болды, әсіресе ол жергілікті экономикаға бағытталатын салықтар әкелетіні және ауыл осы инвесторға және аймақтық дамуына үлес қоса алатын басқаларға қуанышты болады
Турбиналарды тасымалдау маршруттары мен жұртшылыққа ықтимал әсер етуі туралы қысқаша талқылау
Жобаны әзірлеуші жел турбиналары түнгі уақытта тасымалдануы мүмкін екенін және тасымалдау мен орнатуға қажетті барлық рұқсаттар алынатынын мәлімдеді. Мұнаралар мен жел турбиналарының қалақтарын тасымалдауға арналған жолдардың жарамдылығына келетін болсақ, мұнаралар секциялардан тұрады, ал қалақтар тұтас (ұзындығы 67 м), сондықтан көлік құралдарының бұрылу радиусын азайту үшін кейбір жол учаскелерін кеңейту/өзгерту қажет болуы мүмкін (әсіресе екінші дәрежелі жергілікті кішкене жолдар).
Мұздардың шашырауы мен шу әсерлері
Мұз шашырауы қатысты Компания тұрғын үй ауданына ең жақын ЖЭҚ 1,2 км қашықтықта орналасқанын және мұз шашырау қаупі жоқ екенін айтты; |
|
Өткізілген кездесулер |
Кездесулерде талқыланған негізгі сәттер |
|
|
сонымен қатар, мұз шашырайтын жағдай үшін 400 метрлік буферлік аймақ бар деп айтылды, бірақ мұздың шашырауы екіталай, өйткені қыс айларында ЖЭҚ қалақтарын техникалық қорғауды қамтамасыз ету үшін мұздан тазарту жұмыстары жүргізілетін болады. ЖЭҚ-қа кіру тиісті белгілері бар кедергілерді орнату арқылы шектеледі («Бөгде адамдарға кіруге тыйым салынады», «Рұқсатсыз кіруге тыйым салынады»). Шу әсеріне қатысты - кездесуге қатысқан әкімдер мен жергілікті тұрғындар қазіргі және жұмыс істеп тұрған Жаңатас ЖЭС - тен жағымсыз шу әсерінің жоқтығын атап өтті; жұртшылық Шоқпар ЖЭС жергілікті халықты мазаламайды деп күтеді. |
Мүдделі тараптарды анықтаудың мақсаты Жобаның мүдделі тараптарын және консультациялар өткізу үшін олардың басымдылығын анықтау болып табылады. Мүдделі тараптарды анықтау - бұл үздіксіз процесс, сондықтан негізгі мүдделі тараптарды анықтау жобаның әртүрлі кезеңдерінде жалғасатын болады. Жобаның әсер ету аймақтары негізінде мүдделі тараптардың картасын жасау үшін жүйелік тәсілдеме қолданылады. Мұндай тәсілдемемен әлеуметтік әсер ету аймақтарының картасын жасау арқылы мүдделі тараптар әсер ету аймағы бойынша анықталады.
Мүдделі тараптарды картаға түсіру нәтижесінде жобаның мүдделі тараптары екі негізгі санатқа бөлінді:
Анықталған негізгі мүдделі тараптар 2 кестеде ұсынылады:
|
Мүдделі тараптар санаты |
Типі |
Атауы |
Жобаға мүдделілігі |
|
Негізгілер |
Жобаны әзірлеуші |
«Шоқпар Жел |
Шешім қабылдау және жобаны |
|
|
Электрстанциясы» |
іске асыру процесі. |
|
|
|
ЖШС |
|
|
|
Демеуші (лер) |
Visor International |
Шешім қабылдау процесі және |
|
|
|
(VISOR) және China |
жобаны табысты іске асыру. |
|
|
|
Power International |
|
|
|
|
Holding (CPIH) |
|
|
|
Жергілікті және |
Сарысу ауданының |
Жергілікті қажеттіліктерді анықтау |
|
|
аудандық билік |
әкімі, Жаңатас |
және Компанияға жоба мен |
|
|
органдары |
қаласының әкімі, |
құрылыс кезеңіндегі әсерге |
|
|
|
Жаңаарық |
байланысты мәселелер бойынша |
|
|
|
ауылының әкімі |
кері байланыс беру. |
|
Мүдделі тараптар санаты |
Типі |
Атауы |
Жобаға мүдделілігі |
|
|
|
және Ақтоғай ауылының әкімі |
|
|
Қоғамдық кеңес |
Жергілікті халықтың мүдделерін білдіру және Жоба туралы ағымдағы ақпаратты жергілікті тұрғындар арасында тарату. |
||
|
Жаңатас қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы |
Жоба туралы ағымдағы ақпаратты жергілікті тұрғындар арасында тарату. |
||
|
Аудандық жұмыспен қамту орталығы |
Жергілікті халыққа Жобаны іске асырудың әр кезеңінде жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру. |
||
|
Жұртшылық және кәсіпорын |
Жергілікті жер иелері, жергілікті малшылар, кәсіпорындар, тұрғындар және жұмыс іздеп жүрген адамдар (оның ішінде осал адамдар)1 |
Жұмысқа орналасу мүмкіндігінен және энергиямен жабдықтау тұрақтылығынан пайда алУ. |
|
|
Қосалқы |
Мемлекеттік емес ұйымдар |
Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ). |
Жобаның компоненттерін және олардың биоәртүрлілікке әсерін түсіну, оны сақтау бойынша күш салу. |
|
Қазақстанның жаңғыртылатын энергетика қауымдастығы (ҚЖЭҚ) |
Жамбыл облысында климаттың өзгеруінің салдарын жеңілдетуге және жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестицияларды ілгерілетуге жобаның үлес деңгейін түсіну. |
||
|
Мердігерлер |
GCD және Шанхай машина жасау және электротехника институты (SIMEE) |
Тендерлер, материалдар мен жабдықтар жеткізушілер, Жобаны жүзеге асыруға қатысу. |
|
|
Құрылысшылар |
Қазақстанда орналасқан жергілікті жеке тұлғалар |
Құрылыс жұмыстарын орындауға мердігерлерді жұмылдыру. |
1 ЕҚДБ-ның Экологиялық және әлеуметтік саясатына сәйкес (2019) «Осал адамдар» жыныстық қарастылығы, гендерлік сәйкестік, сексуалдық бағдар, дін, этникалық қарастылық, байырғы халыққа деген көзқарас, жас (балалар, жастар мен қарттарды қоса алғанда), физикалық немесе психикалық кемшілік, сауаттылық, саяси көзқарастар немесе әлеуметтік мәртебе сияқты ерекшеліктеріне байланысты
Жобаның әсерінен басқаларға қарағанда ауыр зардап шегуі мүмкін тұлғалар немесе халық топтары ретінде анықталады. Осал адамдар және / немесе халық топтары кедейлік шегінен төмен өмір сүретін адамдар, жерсіз, жалғыз басты үй шаруашылықтары, халықтың табиғи ресурстары есебінен өмір сүретін адамдар, еңбек мигранттары, босқындар, қоныс аударушылар немесе басқа қоныс аударушылар сияқты осал адамдарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді, оларға ұлттық заңнамада және/немесе халықаралық жария құқықта көзделген қорғау қолданылмауы мүмкін.
|
Мүдделі тараптар санаты |
Типі |
Атауы |
Жобаға мүдделілігі |
|
|
Инженерлер- инспекторлар |
«Build Master Group» ЖШС (BMG Ltd.) және «Достар Строй Групп» ЖШС (DSG) |
Құрылыс барысында Мониторинг және техникалық қадағалау және Жобаның техникалық сәйкестігіне көшпелі аудиттер жүргізу. |
|
Жергілікті БАҚ |
«Новый регион» және «Сарысу» газеттері |
Жобаны әзірлеу және жергілікті жұртшылыққа әсер ету. |
|
|
Кредитор |
Кредиттік ұйым |
ЕҚДБ |
Белгілі бір экологиялық, әлеуметтік және техникалық талаптар сақталған жағдайда жобаны қаржыландыру үшін қарыз беру. |
Осы жоба аясында пайдаланылатын ашылатын ақпарат түрлері мен коммуникацияның нақты әдістері төмендегі 3 кестеде Мүдделі тараптармен өзара әрекет бағдарламасында қысқаша баяндалған. Сыртқы коммуникациялардың мақсаты қатысты тұлғалармен және басқа да тиісті мүдделі тараптармен тұрақты өзара әрекетті қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жобаның ағымдағы қызметі, тиімділігі, дамуы және іске асырылуы туралы ақпарат беру болып табылады. Жария түрде ашылуға жататын ақпарат ЕҚДБ-нің жұртшылықты ақпараттандыру саясатымен, жобаларды іске асыруға қойылатын ЕҚДБ 10 талабымен және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен реттеледі.
МТӨЖ - бұл жобаны іске асырудың әрбір кезеңінде, қажет болған жағдайда, жобаның дамуына және жаңа мүдделі тараптардың анықталуына байланысты мүдделі тараптармен өзара әрекет жасаудағы өзгерістерді көрсету үшін жылына кемінде бір рет (немесе өзгерістер енгізу кезінде) қайта қаралатын және жаңартылатын қолданыстағы құжат. Жарияланатын ақпарат құжаттамада, жұмыс кестесінде немесе жобаның әсер ету аймақтарында өзгерістер болған жағдайда өзгеруі мүмкін. 3-кестеде көрсетілген сыртқы және ішкі коммуникация әдістері мен ашылатын ақпарат айрықша болып табылмайды және «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС мүдделі тараптардың сұрауы бойынша қосымша ақпаратты ашу туралы шешім қабылдай алады.
«Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС қолданыстағы және болашақ жобаларға қатысты ішкі және сыртқы коммникацияларға жауап береді және қатысы бар немесе мүдделі тараптар үшін негізгі байланыс тұлғасы болады. Жобаға байланысты барлық құжаттар мен коммуникациялар ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкес және мүдделі тараптардың тілдік қажеттіліктерін ескере отырып және тілдік қажеттіліктерді негізге ала отырып, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді және аталған тілдерде жүзеге асырылатын болады.
Мүдделі тараптармен өзара әрекет бағдарламасы Жобаны іске асыру басталғанға дейін, сондай-ақ қажет болған жағдайда оны іске асыру барысында тиісті мүдделі тараптармен консультациялық кездесулер өткізуді көздейді. Өзара әрекеттер бойынша кеңестер мен іс-шаралар мүдделі тараптардың ағымдағы ұсыныстарын, идеяларын немесе алаңдаушылықтарын қарау үшін қажет. Толық қатысуды қамтамасыз ету үшін мүдделі тараптар жоба туралы толығырақ ақпарат алу үшін немесе жобаның бүкіл өмірлік циклі ішінде өз пікірлерін, идеяларын ұсыну үшін бірнеше арналарды (телефон, электрондық пошта, веб-сайт) пайдалана алады.
Мүдделі тараптар консультациялық кездесулерге қатыса алады және жобалау қызметі, байланыс тұлғалары және шағымдарды беру мен қараудың белгіленген механизмі, оның ішінде ақпарат алу арналары туралы толық ақпарат ала алады. Мүдделі тараптармен барлық кездесулерде қатысушылардың қол қойылған тізілім енгізілетін хаттама жасалады.
Жобаны іске асырар алдында немесе іске асыру кезінде көтерілген кез келген алаңдаушылық немесе шағымдарды «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС және мердігерлер талдайды және тіркейді. Мүдделі Тараптар әрбір құрылыс алаңында болатын шағым түсіру жәшіктерін пайдалана алады, сондай-ақ шағымдарды жасырын түрде беруге де болады. Шағым түсірушілердің компанияның шағымдарды қарау рәсімінен тыс олардың құпиялылығын қорғауды және жеке деректерін жария етпеуді талап етуге құқығы бар. Әдетте, жобаға, компанияға немесе оның мердігерлеріне қатысты шағымдар мен наразылықтар бірнеше арналар арқылы берілуі мүмкін:
v +7 747 271 1469 телефоны бойынша
Мердігерлер мен қосалқы мердігерлер алынған шағымдарды «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-не жолдау арқылы осы процеске жәрдем көрсетеді. Мүдделі Тараптардың өздері үшін ең қолайлы шағым түсіру немесе ақпарат алу арналарын пайдалану мүмкіндігі бар.
Алынған барлық түсініктемелер «ЕҚДБ талаптары» бөлімінде 3 тарауда келтірілген озық халықаралық практикаға сәйкес қабылданған міндеттемелерге сай қаралатын болады. Барлық хабарламалар сұраныс пен мүдделілікті қанағаттандыру үшін өзгерістер енгізу мүмкіндігі тұрғысында қарастырылады және хабарлама жіберуші нәтижелер туралы ақпараттандырылады.
Мүдделі тараптармен өзара әрекет бағдарламасы төмендегі 3 кестеді толығырақ келтіріледі:
|
Мүдделі тараптар |
Коммуникация әдістері |
Ашуға жататын ақпарат |
Мерзімдері |
|
§ Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС |
§ Инженер-инспекторды, жобаны әзірлеушіні және мердігерлерді қоса алғанда, барлық мүдделі тараптармен қажетіне қарай ішкі кеңестер |
§ ӘЭШЖ (ПСЭМ), ЭӘБЖ (ПСЭМ) және ҚОӘБЖ (ПУВОС) жүзеге асыру бойынша жаңартылған ақпарат қажетіне қарай |
§ Құрылыс басталғанға дейін, келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, құрылыс кезінде кездесу |
|
Мүдделі тараптар |
Коммуникация әдістері |
Ашуға жататын ақпарат |
Мерзімдері |
|
|
§ ЭжӘ-ке қойылатын талаптарды анықтау үшін әрбір мердігермен ЭжӘ мәселелері бойынша кем дегенде бір бастапқы кеңес. § Алдымен ЭЖӘ талаптарын түсіндіру, содан кейін жобалық құжаттаманы қарастыру үшін жобаны әзірлеушімен кем дегенде екі кездесу өткізу қажет. § МТӨЖ іске асыру жөніндегі маман сыртқы мүдделі тараптардан келетін электрондық хаттарға, телефон және жеке хабарламаларға жауаптар береді § Жұртшылықпен байланыс бойынша маман жоба туралы жаңартылған ақпарат беру үшін Жаңатас ауылдық округі кеңесінің өкілдерімен тұрақты байланыста болады. |
|
|
|
§ Жергілікті билік органдар |
§ Жоба туралы Жаңатас ауылдық кеңесінің веб-сайты арқылы және электрондық пошта арқылы хабарлау. § «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-мен кездесулер § «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-нен ресми материалдар |
§ Жобаның сипаттамасы, құрылыстың мерзімі мен негіздемесі. § Құрылыс жұмыстарын жүргізуге жергілікті лицензиялар немесе рұқсаттар беру туралы шешім |
§ Құрылыс аяқталғанға дейін. |
|
§ Аудандық және реттеуші органдар |
§ «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-мен жобалау кезеңінде кездесулер. § «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-мен кездесулер туралы жаңартылған ақпарат. |
§ «Шоқпар жел электр станциясы» ЖШС-мен ресми кері байланыс, мысалы,ҚОӘБ бойынша қорытынды, рұқсаттар мен лицензиялар беру туралы шешім, |
§ Тұрақты мониторинг үшін жобалау кезеңінде және құрылыс кезінде. |
|
§ Жұртшылық және кәсіпорын |
§ аудан кеңесінің мүшесі ұйымдастыратын «Шоқпар Жел Электр-станциясы» ЖШС-нің және қоғамдық кеңес өкілдерінің кездесуі. § Қоғамдық кеңес өкілдері мен жұртшылықтың қатысты мүшелерінің 2 ашық кездесуі. |
§ Жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен қоса жоба туралы ақпарат және Шағым түсіру және қарау механизмі. § Құрылыс кезеңіндегі жұмыс кестесі. § Қол жеткізуді уақытша шектеу және кемшіліктерді шектеу үшін мердігер |
§ Құрылыстың бүкіл кезеңі ішінде. |
|
Мүдделі тараптар |
Коммуникация әдістері |
Ашуға жататын ақпарат |
Мерзімдері |
|
|
|
қабылдайтын бақылау шаралары. |
|
|
§ Мемлекеттік емес ұйымдар |
§ Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманның жоба туралы ақпаратты электрондық пошта немесе телефон арқылы таратуы § Ақпаратты Жоба веб-сайтында жариялау. |
§ Жобамен байланысты негізгі экологиялық тәуекелдер, яғни негізгі орнитологиялық аумақтар сияқты сирек немесе қорғалатын түрлерге және жақын маңдағы табиғатты қорғау аумақтарына жағымсыз әсер ету. § Биоәртүрлілікке және оның сақталуына жағымсыз әсерді азайту үшін қолданылатын шаралар. § Жобаның климаттың өзгеруін азайтуға және аймақтағы жаңғыртылатын энергия көздерін инвестициялауға оң әсері. |
§ Бүкіл құрылыс және пайдалану бойы. |
|
§ Мердігерлер |
§ «Шоқпар Жел Электр- станциясы» ЖШС өкілдері қажетіне қарай мезгіл-мезгіл қатысатын жиналыстар. § Құрылыс кезіндегі ЭжӘ іс- шаралары мен процедуралары есептерін жасау және талқылау үшін инженер-инспектормен кездесулер. |
§ ӘЭШЖ (ПСЭМ), ЭӘБЖ (ПСЭМ) және ҚОӘБЖ (ПУВОС) жүзеге асыру бойынша жаңартылған ақпарат қажетіне қарай § Инженер-инспекторға берілетін ЭжӘ мәселелері мен деректер, сонымен қатар анықталған мәселелерді шешу. |
§ «Шоқпар Жел Электр- станциясы» ЖШС мәжілісі құрылыстың бастапқы кезеңінде келісімшартқа қол қойылғаннан кейін және қажет болған жағдайда құрылыс кезеңінде өткізіледі. § Мердігердің ЭжӘ бойынша жетекші маманы апта сайын құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде инженер-инспектормен кездеседі. |
|
§ Құрылысшы лар |
§ Мердігердің ЭжӘ бойынша жетекші маманы жұмыс орнындағы әлеуметтік- экологиялық басқару жөніндегі іс-шаралар мен процедуралар бойынша мердігердің қызметкерлеріне нұсқау береді және жолдайды. |
§ Орындалуы қажет ЭжӘ ісшаралар мен процедуралар (әсіресе еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласында). |
§ Бүкіл құрылыс бойы. |
|
§ Инженер- инспектор |
§ «Шоқпар Жел Электр- станциясы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен кездесулер. § Құрылыс кезінде ЭжӘ ісшаралар мен процедураларын талқылау |
§ ӘЭШЖ (ПСЭМ), ЭӘБЖ (ПСЭМ) және ҚОӘБЖ (ПУВОС) жүзеге асыру бойынша жаңартылған ақпарат қажетіне қарай § Инженер-инспекторға берілетін ЭжӘ мәселелері |
§ құрылыстың бастапқы кезеңінде келісімшартқа қол қойылғаннан кейін және бүкіл құрылыс кезеңінде өткізілетін «Шоқпар Жел Электр- |
|
Мүдделі тараптар |
Коммуникация әдістері |
Ашуға жататын ақпарат |
Мерзімдері |
|
|
үшін мердігерлермен кездесулер. |
мен деректер, сонымен қатар анықталған мәселелерді шешу. |
станциясы» ЖШС жиналыстары. § Мердігердің ЭжӘ бойынша жетекші маманы апта сайын құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде инженер-инспектормен кездеседі. |
|
§ ЕҚДБ |
§ «Шоқпар Жел Электр- станциясы» ЖШС-нің Экологиялық, әлеуметтік мәселелері, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша жыл сайынғы және қажетіне қарай ақпаратты жаңалау. § ЭжӘ туралы жыл сайынғы есептер. § Кездесу барасында және/немесе электрондық пошта арқылы Жоба директоры тапсырады. |
§ ӘЭШЖ (ПСЭМ), ЭӘБЖ (ПСЭМ) және ҚОӘБЖ (ПУВОС) жүзеге асыру бойынша және әлеуметтік- экологиялық басқарудың жалпы тиімділігі туралы жаңартылған ақпарат. |
§ Құрылыс басталғанға дейін, құрылыс кезінде және жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде жыл сайынғы және қажетіне қарай кездесулер. |
|
§ Жергілікті БАҚ |
§ Жоба веб-сайтынан алынған ақпарат. § Жобаға байланысты сұрақтар қою мақсатында өкілдердің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманмен кездесуі. |
§ Жоба ұсынатын әлеуетті әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді талқылау. |
§ Құрылыс аяқталғанға дейін. |
Қосымша ақпарат пен түсініктеме алу үшін мүдделі тараптар төменде келтірілген
байланыс деректерін пайдалана алады:
Аты-жөні: Наурызбек Жумагазин, Аймақтық әкімшілік менеджері
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауд., 2 құрылыс, 4 кеңсе
Телефон: +7 747 271 1469
Факс: +7 727 355 8833
Email: info@sarysuwpp.kz
Жоғарыда келтірілген кестені қорытындылай келе, осы міндет үшін
коммуникацияның негізгі әдістері төменде сипатталған:
Бұл кездесулер Компанияға экологиялық және әлеуметтік (ЭжӘ) іс-шараларды іске асыруды ұйымдастыруға уақыт береді, сондай-ақ инженер-инспектор мен мердігерлерге «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-не құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңінде олардың ЭӘБЖ және экологиялық және әлеуметтік (ЭжӘ) іс-шараларды
орындауы туралы жаңартылған ақпарат беруге мүмкіндік береді. «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС, инженер-инспектор және мердігерлер арасындағы өзара әрекет олардың жұмыс көлеміне келісіледі және олардың жеке келісімшарттарына енгізілетін болады. Бұл барлық үш тарап арасындағы тұрақты байланысты көздейді.
Жобалық алаңға жақын орналасқан жергілікті тұрғындар мен кәсіпорындардың иелері Қоғамдық кеңес өкілдері арқылы «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-не жоспарланған құрылыс нақты кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірмейтініне және қажетсіз қолайсыздықтар мен кідірістер жасамайтынына көз жеткізу үшін өз пікірлерін бере алады.
Жобаның Веб-сайты басқа коммуникация әдістерімен қатар ақпарат алмасу үшін пайдаланылады. Мүдделі тұлғалар өз сұрақтарын / пікірлерін жібере алады. «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы БАҚ реакцияларына, түсініктемелерге, сұрақтарға және ұсынылған фотосуреттерге мониторинг пен назар аударуларға қажетіне қарай жауап береді.
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС жыл сайын (және қажеттілігіне қарай) Еуропалық қайта құру және даму банкіне экологиялық, әлеуметтік мәселелер бойынша, сондай-ақ құрылыс және пайдалану кезеңінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері жөнінде жаңартылған ақпарат беретін болады. Бұл жаңартылған ақпарат қарыз ратификацияланғанға дейін келісілген экологиялық және әлеуметтік (ЭжӘ) іс- шаралардың жүзеге асырылуын көрсетеді. Бұған мердігерлер мен инженер-инспектор орындауы тиіс әрекеттер кіреді.
Жобаға мүдделі болуы мүмкін аймақтық мемлекеттік емес ұйымдармен байланысқаннан кейін «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС қажет болған жағдайда қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылау үшін кездесулер ұйымдастырады. Жобаға мүдделі халықаралық мемлекеттік емес ұйымдар ақпаратты жобаның веб-сайтынан алады.
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС байланыс арналарын қадағалайды және қажетіне қарай кері байланыс жасайды. Құрылыс кезеңінде мүдделі тараптар үшін Жобалау алаңында шағым түсіруге арналған жәшік болады; шағымдарды пошта, электрондық пошта және телефон арқылы МТӨЖ Орындаушысына беруге болады. Ауызша шағымдармен қоса, кез келген шағымдарды «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС байланыс тұлғасы шағымдардың дерек қорында тіркейтін болады.
Осы МТӨЖ-нің орындалуын және шағымдарды беру және қарау механизмінің жұмыс істеуін бақылау мақсатында «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС ЕҚДБ-ға тиісті механизмдерінің бар екенін және жұмыс істейтінін растайды. Бұған өзара әрекет бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы жазбалармен, хаттамалармен және/немесе құжаттамалармен алмасу, оның ішінде МТӨЖ аясында өткізілген ақпаратты ашу жөніндегі іс-шаралар жатады. «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-нің ЭжӘ іс- шаралары бойынша жылдық есеп ұсынуын қарай ЕҚДБ жыл сайын МТӨЖ-нің орындалуын бағалайтын болады.
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС алдыңғы қатар Шағым түсіру және қарау механизмін пайдаланатын болады.
Кез келген түсініктемелер немесе алаңдаушылықтар компанияның назарына ауызша (жеке немесе телефон арқылы) немесе жазбаша түрде электрондық пошта арқылы немесе шағым формасын олтыру арқылы жеткізілуі мүмкін. Шағым формасын Жобалық алаңдағы ғимараттардағы шағым жәшігі арқылы жеке түрде немесе электрондық пошта арқылы онлайн беруге болады.
Шағым формасы мен процедура туралы ақпарат (оның ішінде байланысатын тұлғалар туралы) Жобаның веб-сайтында өзара әрекет жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде және Жобалау алаңында қолжетімді болады. Ақпараттық плакаттар әр құрылыс алаңында арнайы хабарландыру тақталарына орналастырылады.
Барлық шағымдар, соның ішінде анонимді шағымдар деректер қорында тіркеледі. Жұртшылықпен байланыс жөніндегі маман, инженер-инспектор және «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС кез келген шағымдар мен наразылықтарға қатысты барлық ақпаратпен алмасып, тығыз ынтымақтастықта болады.
Шағымдардың деректер қорында түскен шағымдар туралы келесі ақпарат сақталады:
Егер шағымдар учаскеде берілсе, мердігер Компания шағымдарды тіркеуге және оларды 1-ші кезеңге сәйкес шешуге жауапты болады. Егер мердігер шағымды шеше алмаса, 2-ші кезең үшін сипатталғандай, процедураға Компания кірістіріледі. Компания мердігер компаниялардан шағымдар журналын алуға жауапкершілікте болады. Мүдделі тараптардың шағым түсіру кезеңдерінің бірін пайдалану мүмкіндігі бар. Олар тікелей 2 кезеңнің шағым беру процедурасын пайдалана алады.
«Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС 1-ші кезеңде берілген барлық шағымдар туралы шағымдардың деректер қоры арқылы хабардар болады және олардың шешілуін қашықтықтан қадағалайды.
Өтініш беруші егер оның шағымы 1-ші кезеңде де, 2-ші кезеңде де шешілмеген болса немесе шағымдарды беру және қарау механизмін пайдаланбастан тікелей сотқа жүгінуге құқылы.
Орындаушы ұйым ретінде «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС жобаның жүзеге асуына және талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге жалпы жауапты болады. Төменде көрсетілген байланыс тұлғалары Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар ЕҚДБ Экологиялық және әлеуметтік саясатына сәйкес Жобаға байланысты барлық шағымдардың қаралуының қамтамасыз етілуі үшін жауапты:
Аты-жөні: Наурызбек Жумагазин, Аймақтық әкімшілік менеджері
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауд., 2 құрылыс, 4 кеңсе
Телефон: +7 747 271 1469
Факс: +7 727 355 8833
Email: info@sarysuwpp.kz
Мердігер компаниялар «Шоқпар Жел Электрстанциясы» ЖШС-нің шағымдарын оларды шешу үшін жолдай отырып, және егер қажет болса 1-ші кезеңде шағымдарды шешу арқылы МТӨЖ орындау процесіне жәрдем көрсететін болады. Мердігер
компания алған кез келген шағым сол жерде белгіленіп, «Шоқпар Жел
Электрстанциясы» ЖШС-не берілетін болады. Бұл тендерлік құжаттамада және Мердігер компанияның Іскерлік этика кодексінде айтылады.
Бұдан өзге, Соңғы сатыдағы тәуелсіз құрал бола отырып, ЕҚДБ жобалары бойынша есеп берудің тәуелсіз механизмі (ЖЕТМ) әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге және жобаға қатысы бар адамдар мен азаматтық қоғам ұйымдары ЕҚДБ қаржыландыратын жобалар туралы көтерген ақпаратты жобаның мүдделі тараптары арасында ашу мәселелерін шешуге жәрдемдесуге немесе Банктің өзінің МТӨЖ және нақты жобағы қатысты ақпаратқа қол жеткізу туралы өз саясатының ережелерін сақтағанын анықтауға арналған; және тиісті жағдайларда осы ережелердің кез келген қолданыстағы сақталмауын жою үшін, Банктің болашақта оларды сақтамауына жол бермеуге арналған.
ШЖЭС немесе Мердігер өтініш берушіге 5 жұмыс күні ішінде жолданған алғанын растау
1-ші кезең Бағалау және шешу
Мердігер өтініш берушіден қосымша ақпарат сұрайды. Шешім әзірленді, ШЖЭС бекітті, және өтініш беруші 10 жұмыс күні ішінде хабардар етілді.
Өтініш беруші шешімді қабылдады ма?
Жоқ
2-ші кезең Бағалау
ШЖЭС жұртшылықпен байланыс жөніндегі маманы өтініш берушіден қосымша ақпарат сұрайды.
ШЖЭС-ның шағымдарды қарау бойынша ішкі мәжілісінің күнін тағайындау.
ШЖЭС-ның шағымдарды қарау бойынша ішкі мәжілісі
ШЖЭС мен мердігерлер қабылдаған және 5 күн ішінде орындалған шешім. Өтініш берушіге 2 күн ішінде хабарлау
Иә
Өтініш беруші шешімді қабылдады ма?
Иә
Жоқ
Мәселе шешілді
Шағымды жабу
Өтініш беруші әмалдардың басқа нұсқасын іздейді
ШЖЭС
Кері байланыс және сабақ алу
24
1.2 қосымша. Шағым формасы
|
Тіркеу нөмірі: |
||||
|
Аты-жөні |
|
|||
|
Ескертпе: сіз шағымды аты-жөніңізді көрсетпей жасай аласыз, егер сіздің келісіміңізсіз сіздің жеке басыңызды үшінші тұлғаларға ашпауды қаласаңыз немсе аушпауды сұрасаңыз |
Мен шағымды аты-жөнімді көрсетпей жасағым келеді
Менің келісімімсіз менің жеке басымды ашпауды сұраймын |
|||
|
Байланыс ақпараты |
|
Поштамен: пошта мекен-жайыңызды көрсетуіңізді сұраймыз: |
||
|
Қалған байланыс |
|
|
||
|
тәсіліңізді белгілеуіңізді |
|
|
||
|
сұраймыз (пошта, |
|
|
||
|
телефон, электронды пошта). |
|
Телефонмен: |
||
|
|
|
Электрондық поштамен: |
||
|
Тіл Қалаған қатынас тілін көрсетуіңізді сұраймыз |
|
Қазақ тілі Орыс тілі Басқа тіл |
||
|
|
||||
|
Оқиғаның немесе шағымның сипаттамасы: |
Не болды? Ол қай жерде болды? Ол кіммен болды? Мәселенің нәтижесі қандай? |
|||
|
|
||||
|
Оқиғаның/шағымның күні |
|
|||
|
|
□ Бірмәртелік оқиға/шағым (күні ) □ Бірнеше рет болдыз (неше рет? ) □ Әлі де жалғасуда (осу уақытта да болып жүр) |
|||
|
|
||||
|
Мәселені шешудің қалаулы нәтижесі |
||||
|
|
||||
Бұл форманы келесі мекен-жайға қайтаруды сұраймыз:
Аты-жөні: Наурызбек Жумагазин, Аймақтық әкімшілік менеджері
Мекен-жайы: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 ықшам ауд., 2 құрылыс, 4 кеңсе
Телефон: +7 747 271 1469
Факс: +7 727 355 8833
Email: info@sarysuwpp.kz