Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен 66 қызмет түрі көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша аудандағы жергілікті атқарушы органдармен 2648 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
Осы мерзімде қызметті көрсетуден дәлелді бас тартулар орын алған жоқ.
2023 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген.
2023 жылдың I тоқсан қорытындысы бойынша мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 2 (Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі. «Еңбекші көшіп келушілердің рұқсаттарын беру және ұзарту» туралы).
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жүргізілген жоқ.
2023 жылдың I тоқсанында ЖАО қызметкерлері мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан 7 адам өтті.
Сарысу ауданы жергілікті атқарушы органдарының
2023 жылдың I тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша есебі
Сарысу ауданы жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне және Жаңаталап ауылдық округіне ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде 11 бұзушылықтар анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылау іс-шаралары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментінің сарапшыларын тарта отырып жүргізілді.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершіліктері қаралды (3 ескерту берілді).