Кітапхана - ғасырдан ғасырға адамзат тарихының керуенін сүріндірмей алып келе жатқан, шырағы биік біліктіліктің, парасаттылық пен білімділіктің киелі ордасы. Елімізде болып жатқан ұлы оқиғалар мен өзгерістерді кең көлемде насихаттап, білім мен мәдениет саласындағы мемлекеттік маңызы бар міндеттерді жүзеге асыруда шешуші қадамдарды ең алдымен кітапханашылар жасайды десек, мұнымыз артық айтқандық емес.
Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі сапалы кітапханалық қызмет көрсету, білім салалары бойынша әдебиеттерді насихаттау, заман талабына сай ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы оқырмандар сұранысын қанағаттандыру бағытында жұмыс атқаруда.
Қазіргі уақытта ауданда 1 аудандық орталық кітапхана, 3 қалалық, 22 ауылдық кітапхана филиалдары оқырмандарға қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда кітапхана жаңа кітапханалық жиһаздармен толықтырылып, жұмыс жасауда.
Барлық кітапханалар жүйесі бойынша кітапханалар компьютермен қамтамасыз етіліп, интернет жүйесіне қосылып, телефон қондырылған. 2014 жылдан бері сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің сайты kitap.sarysu.zhambyl. және электрондық почтасы Sarusu-oki@mail.ru жұмыс істейді.
Аудандағы 26 кітапхананың 6 (Дегерес, Үшбас, Жайлаукөл, Шығанақ, Шағалалы және Саудакент балалар кітапханасы) кітапханасы өз алдына жеке ғимаратта орналасқан. Бұл ғимараттар аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің балансында. 16 кітапхана ғимараты мәдениет үйі мен клуб үйлерінің ішінде орналасқан. Бұл кітапхана филиалдары аудандық мәдениет үйінің балансында.
№23 Жаңатас қалалық балалар кітапханасы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балансындағы ғимаратында, Жаңатас қаласына қарасты «Бүркітті» елді мекеніндегі кітапхана Абай орта мектебінің 4 қабатында, Ұ.Сыздықбаев ауылдық кітапханасы Өнер мектебінің ғимаратында, Көкдала ауылдық кітапханасы негізгі мектептің ескі ғимаратында орналасқан.
Қазіргі таңда Ай сайын әр ғылым саласы бойынша түскен әдебиеттер кітапхананың кітап қорын бұрынғыдан да байыта түсуде.
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі кітап қорының жалпы саны – 447737 дана, мемлекеттік тілде – 249939 дана, жаңа түскен әдебиеттер саны -5851 дана, мемлекеттік тілде - 5420 дана, кітап берілімі – 389382 дана, мемлекеттік тілде- 316698, оқырман саны- 27310 адам, келім саны -208510 адам.
Кітапханалар «WEB RABIS» бағдарламасымен жұмыс атқарады. Енгізілген дерекқор -439667 дана, оның ішінде-13314 мерзімді басылымдар.
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 27 қызығушылық клубтар жұмыс істейді.
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 21 цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды. Олар:
1.Жайылма ауылдық кітапханасы
2.Әшір Бүркітбаев ауылдық кітапханасы
6 Шағалалы ауылдық кітапханасы
9.Ұ.Сыздықбаев ауылдық кітапханасы
10.Жаңаталап ауылдық кітапханасы
12.Досбол ауылдық кітапханасы
13.Ұйым ауылдық кітапханасы
14.Шығанақ ауылдық кітапханасы
15.Жайлаукөл ауылдық кітапханасы
16.Әбілда ауылдық кітапханасы
17.Арыстанды ауылдық кітапханасы
18.Ақтоғай ауылдық кітапханасы
29.Қызылдихан ауылдық кітапханасы
20.Маятас ауылдық кітапханасы
21.Қамқалы ауылдық кітапхана филиалдарында ашылды.
3«Коворкинг» орталығы ашылды: (Аудандық кітапханада«Коворкинг» білім орталығы, Саудакент, Өндіріс ауылдық кітапханаларында).
Мұнда пайдаланушылар интернетке қосылған компьютер арқылы тегін интернет желісіне шығу мүмкіндігі, WI-FI желісі арқылы қызмет цифрландырылған жүйеде көрсетіледі және бөгетсіз жұмыс істеуге қолайлы. Бір мезгілде бірнеше пайдаланушылар жұмыс жасай алады.
Ауыл тұрғындары жол жүрмей-ақ, өздерінің Халыққа қызмет көрсету орталығынан ашқан жеке кілтімен кез келген компьютерге отырып e.gov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық анықтамалар алады, Олар:
1.Мекен жай анықтамасы
2.Неке туралы өтініш
3.ЭЦҚ өтініш беру
4.Зейнетақы қорының жинағы туралы
5.Балабақшаға кезекке тұру
6.Жылжымайтын мүліктер туралы анықтама
7.Сотталған немесе сотталмағаны туралы анықтама
8.Нарко.диспансерде есепте бар/жоқ-
9.Псих.диспансерлік есепте бар/жоқ-
Кітапхана жүйесі мүмкіндігі шектеулі немесе егде жастағы кітапханаларға бара алмайтын кітапхана пайдаланушыларына «Жылжымалы кітапхана» арқылы кітапхана қорларына қол жеткізуде. Мысалы «Мен әлемді жүрегіммен танимын», «Қайырымды жүрек-жомарт қол», «Бәрі де сіздер үшін», «Шапағатымыз сіздер үшін» т.б.тақырыптарда дауыстап оқуларды, жылжымалы кітапханалар өткізеді.
Мемлекетіміз бен халқымыз үшін мәні мен маңызы зор бірқатар мерейтойлар мен атаулы күндер бар. Атап айтқанда: «Алаш» партиясының құрылғанына -105 жылдығы, ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жылдығы, ҚР Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жылдығы, Ұлы ойшыл Ж.Баласағұн -1005 жылдығына «Әлемдік ойдың алыбы» тарихи алаң, Ұлы тұлға Әбілқайыр хан – 610 жылдығы, Қаз дауысты би, Қазбек Келдібекұлының 355 жылдығы, Қабанбай батырдың 335 жылдығына «Қаракерей Қабанбай» танымдық кеш, Әскери қолбасшы Кенесары Қасымұлының 220 жылдығына «Ел рухын көтерген батыр» тарихи альманах, Ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына «Ұлтының рухани көсемі» әдеби кеш, Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына «Парасаты биік қаламгер» оқырман конференциясы, Мемлекет қайраткері Д.А Қонаевтың 110 жылдығына «Шыңында Алатаудың тұр Димекең», КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы, опера және эстрада әншісі Р.Бағланованың 100 жылдығына «Қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланова», Аудандық SARYSÝ газетіне 85 жылдығына «Аудан жаршысы- SARYSÝ» тақырыптық кеш, Қабанбай батырға 335жылдығына «Қабанбай батыр» тарихи ақпарат сағат, Ақын Дулат Бабатайұлына – 220 жылдығына«Жырын тында Дулаттын» жыр кеші, «Жыр алыбы – Жамбыл» жамбыл оқулары, Облыстық Ақ жол газетінің 100 жылдығына "АQJOL ұлттық идеяның ұйытқысы", ауданымыздың Сарысу газетіне 85 жыл толуына орай "Аудан жаршысы- SARYSY" атты инсталияциялары, Белгілі журналист, қоғам қайраткері Ж.Миллионовтың 70 жас мерейойына арналған "Қаламгер әлемі оның өмір шындығы" атты кітап инсталлияциясы таныстырылып, журналистің «Даналық мектебі» атты кезекті кітабының тұсаукесер рәсімі, Қоғам қайраткері М.Күздеубаевқа 87 жыл, сазгер Т.Тұңғатовқа 70 жылдығына"Өлкеміздің өр тұлғалары" атты әдеби кеш, Қазақстан республикасының мәдениет қайраткері, Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының бірнеше марапат иегері Рәтбек Сүлейменұлымен "Өнер өркені" атты кездесу кеші, "Әлемді кітап арқылы танимын "Совет Әлімқұлов оқулары облыстық байқау, Қазақстанның Еңбек ері, КСРО халық әртісі, Мемлекттік сыйлықтың иегері, актёр, режиссер, сахна саңлағы, жерлесіміз А. Әшімовтың 85 жасқа толу мерейтойына арналған «Бірегей» Асанәлі Әшімов» атты тұлғалық кездесу кеші, "Өмірі өнермен өрілген тарлан"атты тұлға тану кеші, "Ғұмыр-дария" атты кітап көрмесі, "Қазақ өнерінің көрнекті тұлғасы" атты кітап инсталяциялар, Сазгер, журналист, сатирик, Мемлекет және қоғам қайраткері Әкім Әбдіқайымұлы Ысқақ шығармашылығына арналған "Қаламы ақсұңқардың қияғындай" республикалық ғылыми конференция, Жерлес ақын жазушымыз Сарысу ауданының Құрметті Азаматы, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ,Халықаралық "Алаш " және "Дарабоз "сыйлықтарының лауреаты П.Дүйсенбиннің "Нұрстан мен Аққанаттың бастан кешкендері" атты кітабының тұсау кесері, жас ақын Нұрсұлтан Ермековпен "ӨНЕРІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" атты кездесу кеші, ақын, сазгер Ынтымақ Шералиевтің шығармашылығына арналған " Әнмен өрілген өмір" атты кітап көрмесі және суреттер галлереясы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында «Маралтай оқулары» облыстық байқауы, Жазушы, композитор, музыкатанушы, аудармашы, суретші Илья Жақановтың "Ән аға, ардақты абыз аға" атты шығармашылық кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент сыйлығының лауреаты Қали Сәрсенбайдың "Тұлғатану" сериясымен жарық көрген ДҮЛДҮЛ кітабының тұсаукесері өткізілді.
Кітапханалардың материалдық техникалық жағдайы: Кітапханалар жүйесі бойынша барлық кітапханалар компьютермен қамтамасыз етіліп, интернет жүйесіне қосылып, телефон қондырылған.
Бүгінгі таңда кітапханаларда барлығы 118 компьютер бар. Принтер 97. 23 телефон нүктесі бар. Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің жеке сайты www.kitap.sarysu.zhambyl.kz электрондық поштасы жұмыс істейді. Сол сияқты 26 кітапханалардың электрондық поштасы бар. Аудандық орталық кітапханада 1- «Газ-3102» Волга автокөлігі бар.