Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады Тақырыбы: «Цифрлық БЖЗҚ»

2022 жылғы 20 желтоқсанда БЖЗҚ «Ашық есік күнін» «Цифрлық БЖЗҚ» тақырыбында онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты – салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды Қордың ең өзекті және сұранысқа ие электрондық сервистерімен enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинетте», БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасында, сондай-ақ, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде (чат-бот, телеграмм арна және т. б.) халықтың зейнетақы қызметтерін толыққанды алуы үшін егжей-тегжейлі   таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушыларға «Жеке кабинеттегі» әр қызметтің, оның ішінде «Зейнетақы калькуляторы» арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керек, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені қарау, ерікті жарналар бойынша және 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты зейнетақы төлемдеріне электрондық өтініш беру, осы өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқалар бойынша түсініктеме беріледі.  

Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарды жауапсыз қалдырмай, іс-шараға қатысушыларға жеке кеңес береді.

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні»  20 желтоқсанда сағат 10-00 және 12-00, 15-00 «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл болысы филиалында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

            Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін  және event-мәжіліс паролін енгізіңіз.

          2022 жылдың  20 желтоқсанда сағат 10-00 сілтеме:

Қосылу сілтемесі
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e891482f71360c01ee058d3d869b55961

event-мәжіліс нөмірі  2513 382 4194

event-мәжіліс паролі: 00000

       2022 жылдың 20 желтоқсанда  сағат 12-00 сілтеме:

Қосылу сілтемесі
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=ec3a210542a8f594ac94e82cf08f7636e

event-мәжіліс нөмірі:   2518 037 6113

event-мәжіліс паролі: 00000

          2022 жылдың  20 желтоқсанда сағат 15-00 сілтеме:

Қосылу сілтемесі        
https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e12aa9ee53179ce3abdc125672ab80426

    event-мәжіліс нөмірі 2514 783 0118

    event-мәжіліс паролі: 00000

      «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!  

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
20 октября 2026
19 октября 2026
Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы