Сіздің, 2021 жылғы 3 қарашадағы № 15173//2-4/1596 шығыс хатыңызға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы департаменті (бұдан әрі – Департамент) тарапынан Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының 2021 жылдың 10 айында мемлекеттік көрсетілген қызметтер саласында атқарған жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижесіне байланысты келесілерді хабарлаймын:
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында орын алған заң бұзушылықтар туралы:
Департамент тарапынан профилактикалық бақылау жұмыстары 2021 жылдың ақпан айында Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары, жолаушылар көлігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінде (анықталған бұзушылықтар саны – 20) және наурыз айында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде (анықталған бұзушылықтар саны – 74) жүргізілген. Аталған бақылау жұмыстарының орындалуы бойынша іс-шаралар жоспары, хаттамалық тапсырмалар, фото суреттері белгіленген мерзімдерде Департаментке ұсынылған (орындалуы қоса тіркеледі).
Әкімшілік тәжірбие бойынша:
Рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны үшін Департамент тарапынан Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының м.а. Н.Әжібековқа әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылып, айыппұл түріндегі жаза қолданылған. Толықтай өтелді.
ЖАО интернет ресурстарына қатысты:
Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегіндегі облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Н.Күнтуовтың төрағалығымен өткен жиындағы тапсырмаларға сәйкес аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсының бас парақшасында Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі орналастырылды. Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша ІІІ-ші тоқсан қорытындысының есебі мен қысқаша анықтамасы мерзімінде жарияланған.
(Сілтемесі:https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/documents/details/222354?lang=kk)
Ал, І және ІІ тоқсан қорытындысының ақпараттары аудан әкімі аппаратындағы кадрлық өзгерістерге байланысты (тамыз айындағы өзгерістер: Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты маман) уақытылы жарияланбай қалған. Сонымен қатар, «Қызмет бағыты» бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» сілтемелері орнатылған.
Кемшіліктер қалпына келтірілген.
(Сілтемелері: https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/activities/16056?lang=kk
Қоғамдық кеңес отырыстарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзекті мәселелерді енгізу:
Департамент басшысының орынбасары Л.Илебаевтың төрағалығымен өткен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында берілген тапсырмаға сәйкес ағымдағы жылдың 29 қазаны күні Аудандық қоғамдық кеңес отырысында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы бойынша мәселе қаралды. Бұл жайында, Департаментке ведомствоаралық жұмыс тобы хаттамасының орындалуы бойынша ақпарат ұсынылған (қосымша тіркеледі).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында атқарылған және атқарылатын жұмыстар:
Департамент бастамасымен Сарысу ауданы әкімдігі тарапынан ағымдағы жылдың 5 қазанынан бері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында ауданның ресми «Instagram» парақшасы арқылы 3 мәрте «онлайн жәрмеңке» ұйымдастырылды.
(Сілтемелері: https://www.instagram.com/tv/CUuSQ09saYF/?utm_medium=copy_link,
https://www.instagram.com/tv/CVNTEQWrAO2/?utm_medium=copy_link,
https://www.instagram.com/tv/CVxYJSpMJuS/?utm_medium=copy_link)
Халықты ақпараттандыру бойынша жергілікті газеттің №52-53, 75-76, 91, 95-96, 115-116 басылымдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарттар жарияланды (қосымша тіркеледі).
Бұған қоса, ауданның әлеуметтік парақшаларында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді.
(Сілтемелері: https://www.instagram.com/p/CVR9z-9Mf9-/?utm_medium=copy_link,
https://www.instagram.com/p/CVwvQYnsZbO/?utm_medium=copy_link, https://www.instagram.com/p/CVwuyXrs5YG/?utm_medium=copy_link, https://www.instagram.com/p/CVwuXn-M5nH/?utm_medium=copy_link, https://www.instagram.com/p/CVwuNsUsGIy/?utm_medium=copy_link)
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 12 қазанында заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жауапты басшылар мен қызметкерлерді жинақтай отырып, түсіндірме шаралары өткізілді.
Және ағымдағы жылдың 5 қарашасындағы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысымен бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, 9 қараша күні «Мемлекеттік қызмет көрсету барысында бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу» бойынша аудан әкімдігінің бөлім басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және жауапты қызметкерлерді қатыстыра отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді (хаттамалары қосымша тіркеледі).