Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылау бағыты бойынша
Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында орын алған заң бұзушылықтар туралы:
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге міндетті екендігі көзделген.
Заңның талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында Департаментпен 2021 жылдың 10 айында ЖАО 11 бақылау жұмыстары (Сарысу ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі, Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі, Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту басқармасы, Қордай ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі - 2, Базақ ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Қордай ауданы әкімінің аппараты, Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімі) жүргізілген (профилактикалық бақылау – 8, жоспардан тыс тексеру – 3).
Тексеру жұмыстарының барысында жалпы 692 заң бұзушылық анықталған. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 27 қызметкер тәртіптік жазаға тартылса, рұқсат беру құжаттарының мерзімі мен тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы 26 хаттамалар толтырылды және 495 890 тг. көлемінде айыппұл салынды.
2020 жылмен салыстырғанда заң бұзушылық фактілерінің орын алуы
2,5 есеге азайып отыр (2020 ж. – 1940).
Мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін бұзу, артық құжаттарды сұрату, қызмет көрсету тәртібін бұзу деректері әлі де азаймай отыр.
Бұдан бөлек, рұқсат құжаттарын берудің мерзімін бұзу бойынша жүйелі бұзушылықтар кездеседі.
Атап айтсақ, 2021 жылы Жамбыл, Байзақ, Сарысу, Қордай және Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімдерінде мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімін бұзу бойынша 18 факті тіркелді. Заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Бөлімнің лауазымды тұлғаларына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 18 хаттама толтырылып, 875 100 теңгеге айыппұл салынды (Жамбыл ауданы жер қатынастары бөлімнің басшысы Е.Т. Бижигитовке –2, Байзақ аудандық бөлімінің басшысы Ж.Тамаевқа-3, Сарысу аудандық бөлімі басшысының м.а. Н.Ажибековке-1, Қордай аудандық бөлім басшысы Т.Асылбековке-6, Жуалы аудандық бөлімнің басшысы Қ.Жарасұлына-6 хаттама толтырылған).
Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
Әкімшілік тәжірбие бойынша
Департаментпен 2021 жылдың 10 айында рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны (ҚР ӘҚБтК 465-бабы) үшін ЖАО 13 лауазымды тұлғаларына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 27 хаттама толтырылды.
Оның ішінде, аталған заң бұзушылықты әкiмшiлiк жаза қолданғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасағаны үшін – 8 хаттама (ҚР ӘҚБтК
465-бабының 3-тармағы) жасалды.
Әкімшілік істердің барлығы қысқартылған іс-жүргізу тәртібінде қаралып, соммасы 1 166 800 тг. көлемінде айыппұл салынды және аталған соммалар бюджетке толық төленді.
Әкімшілік жазалар Қордай ауданының әкімі Р.Р. Дәулетке, Мойынқұм ауданының әкімі М.Т.Мұсаевқа, Шу ауданы Төле би ауылдық округінің әкімі А.С. Ошановқа, Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Б. Асылбековке, Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Т. Бижігітовке, Сарысу ауданы әкідігінің жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.З. Әжібековке, Байзақ ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.М.Тамаевқа, Қордай ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Ж.Мендекеевке, Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Жарасұлына, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Кенішбековке, Байзақ ауданы Қызыл Жұлдыз ауылдық округінің әкімі Д.Медешовке, Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округінің әкімі Г.Жубаевқа және Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Г.Бөбеевке қолданылған.
2020 жылдың 10 айымен салыстырғанда ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп отыр.
Мысалы өткен жылы рұқсат беру құжаттарының мерзімін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 465-бабы) 13 лауазымды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 14 хаттама толтырылып 494 960 тг. көлемінде айыппұл салынған.
Қызмет алушылардың шағымдары туралы
Заңның 4-тармағында көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға құқылы екендігі жазылған.
Дегенмен, мемлекеттік қызметтерді алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында азаматтар Департаментке шағымдармен жүгінуде.
Атап айтқанда, осы жылы ЖАО қатысты азаматтардан 21 шағым тіркелген. Оның 3-і бойынша өтініште келтірілген уәждер дәлелін таппады (2-і бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілді), азаматтардың бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілді.
Жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша Қордай ауданы әкімдігінің сәулет,қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Е.Ж.Мендекеевке ҚР ӘҚБТК-нің 465 бабы 2 бөлігімен (мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы соммасы 43 755 тг. көлемінде айыппұл салынса, Тараз қаласы әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімінің басшысы Г.А.Бобеевке ҚР ӘҚБТК-нің 465 бабы 2 бөлігімен (мемлекеттік қызмет көрсет тәртібін бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы соммасы 43 755 тг. көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, Департаментпен енгізілген нұсқаманың нәтижесінде қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі берілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізілу бойынша
Заңның 11 бабына және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – қағида) 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы әкім аппараты, тиісті басқармалар және аудандық әкімдіктерде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ішкі бақылау жұмыстары бойынша ағымдағы жылдың 10 айында жалпы 17 жоспар бекітілген. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы мемлекеттік органдармен 123 ішкі бақылау жұмыстары жоспарланған. Атқарылған ішкі бақылау жұмыстарын зерделей келе 121 іс-шара орындалып, 2 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеген.
Атап айтқанда;
- Облыстық әкім аппараты және басқармалар жоспары бойынша 43 ішкі бақылау жоспарланып, толығымен орындалған.
Тараз қаласы әкімдігі және аудандық әкімдіктер бойынша жалпы 80 ішкі бақылау жұмыстары жоспарланып, оның 2 бақылау жұмыстары жүргізілмеген. Қордай ауданы -1 (Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы қарамағаны өткендіктен, аталған білім бөліміне бақылау жүргізілмеген). Мойынқұм ауданы -1 (Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы қарамағаны өткендіктен, аталған білім бөліміне бақылау жүргізілмеген.)
Сонымен қатар, Қағиданың 41 және 44 тармағына сәйкес мемлекеттік орган жоспарланатын кезеңнен (жылдан) алдыңғы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей жоспар бекітіледі және объективті себептер болған жағдайда, бақылау іс-шарасының мерзімі Ішкі мемлекеттік бақылау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің дәлелді ұсынысы бойынша атқарушы органы басшылығының бұйрығы негізінде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылатындығы айқындалған.
ЖАО интернет ресурстарына қатысты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген, өзгертілген немесе толықтырылған күннен бастап, оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» веб-порталында және мемлекеттік органның интернет-ресурсында үш жұмыс күн ішінде ақпаратты өзектендіру мерзімін сақтау шарттарына, сонымен қатар, Заңның 11 бабының 3 тармағына сәйкес, Департамент тарапынан Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға бағынысты нормативтік құқықтық актілердің ашықтығы мен өзектілігіне, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің белгілі бір кезеңдегі есебінің жарияланғандығына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс барысында Жамбыл және Қордай аудандары әкімдіктерінің интернет-ресурстарында Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі болмағандығы анықталды
Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов, Шу аудандарының және Тараз қаласы әкімдіктерінің интернет-ресурстарының бас парақшасындағы «Қызмет бағыты» бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» сілтемесінің болмағаны анықталды.
Байзақ, Меркі, Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов және Шу аудандары әкімдіктерінің интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша қорытынды ақпарат жарияланбаған.
Меркі, Мойынқұм және Қордай аудандарының интернет-ресурстарында ақпарат ішінара жарияланған, алайда ақпаратты жүктеу мүмкіндігі қарастырылмаған.
Тараз қаласы әкімдігі (құжаттар бөлімінде) мен Жуалы ауданы әкімдігі интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша қорытынды ақпарат тұрақты жарияланғандығын айта кетуге болады.
Облыс әкімдігі басқармаларына келсек, Туризм, Ауыл шаруашылығы, Табиғи ресурстар және Кәсіпкерлік басқармалары интернет-ресурстарының бас парақшасындағы «Қызмет бағыты» бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» сілтемесінің бар екенін, алайда ақпарат жарияланбағанын қалған басқармаларда тіпті сілтеменің болмағаны анықталды.
Мәдениет, архив және құжаттама басқармасы мен Дін істері басқармасы интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша қорытынды ақпарат тұрақты (Құжаттар бөлімінде) жариаланғандығын айта кетуге болады. Қалған облыстық басқармалардың интернет-ресурстарында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша ақпарат бүгінгі таңға дейін еш жарияланбаған.
Сонымен қатар, ветеринария, кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық дамыту, ауыл шаруашылығы, туризм және дене шынықтыру спорт басқармаларының интернет-ресурстарында Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі болмағандығы анықталды.
Облыс әкімдігі интернет-ресурсына келсек «Мемлекеттік қызмет көрсету» бойынша қорытынды ақпарат ішінара жариаланған және бас парақшасындағы «Қызмет бағыты» бөлімінде «Мемлекеттік қызмет көрсету» сілтемесі жоқ.
Заңның 23 бабы 2 тармағына сай, Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Біріңғай байланыс орталығына жібереді делінген.
Алайда, мемлекеттік қызметтің тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалардың интернет-ресурстарында жаңартылып, орналастырылмаған.
Аталған бұзушылықтар қыркүйек айындағы отырыста ескертілген болатын, алайда бұзушылықтарды жою жұмыстары бүгінгі күнге дейін орындалмаған.
Қоғамдық кеңес отырыстарына мемлекеттік көрсетілетін қызметттер саласындағы өзекті мәселелерді енгізу
Қазіргі таңда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелерін шешуде жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің орны маңызды екені уақытпен дәлелденіп отыр.
Ағымдағы жылы жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің 15 отырысында (1 облыстық, 3 қалалық, 11 аудандық деңгейде) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер қаралды. Нәтижесінде құзырлы органдарға орындау үшін 56 ұсыныс енгізіліп, толық орындалды.
2021 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жергілікті деңгейдегі Қоғамдық кеңестердің отырыстарында Тараз қаласы 3 мәрте, Жамбыл ауданы 3 мәрте, Жуалы ауданы 3 мәрте, Меркі, Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай және Талас аудандары әкімдері аппараттарымен 1 мәртеден мемлекеттік қызмет көрсету саласына қатысты мәселелер енгізіліп қаралған.
Ал, қалған Сарысу, Байзақ және Шу аудандары әкімдері аппараттарымен бұл бағытта жұмыстар атқарылмаған.