2022 ЖЫЛҒЫ 20 ҚАРАШАҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ӨТКІЗІЛЕТІН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ
Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының бекітілген оқыту ту- ралы жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының Президентінің ке- зектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Жамбыл об- лысы сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-тренинг- тер өткізілуде.
Қазіргі таңда, комиссия мүшелері қашықтықтан тест тапсырып, сер- тификат алып жатыр. Облыстық аумақтық, қалалық, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері түгел тест тапсырып сертификат алды. Учаскелік сайлау комиссиялары да түгел тапсыру- да.
А.ж. 1 қарашасынан бастап учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін оқыту семинары басталды. Жоспарға сәйкес оқыту Тараз қаласынан басталды, 4-17 қараша аралығында оқыту семинары барлық аудандарды қамтитын болады.
4 – қарашада Жуалы аудандық мәдениет үйінде аудандық және учаскелік сайлау комиссия мүшелері 117 адам оқытылды.
5 – қарашада Байзақ ауданында Әл- Фараби атындағы мәдениет үйінде 287 комиссия мүшесі оқытылды.
7 – қарашада Жамбыл ауданында М.Төлебаев атындағы өнер мектебінде комиссия мүшелері оқытылды.
8 – қарашада Сарысу ауданында аудандық мәдениет үйінде комиссия мүшелері оқытылса, Талас ауданын-да Дарын өнер мектебінде де комиссия мүшелері оқытылды.
«Сайлау процесін ақпараттандыру және сайлау алды үгіт жұмыстарын ұйымдастыру», «Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету туралы», «Азаматтарға тиісті сай- лау комиссиялары орналасқан үй- жайларда сайлаушылар тізімімен таны- стыру жұмыстарындағы ерекшеліктер», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар дауыс беруге арналған үй-жайларының, да- уыс беру пунктерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру», «Сайлаудың өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы», «Сай- лау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы» және сайлау күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы тақырыптарда облыстық сайлау комиссиясы мүшелері лекция оқып, семинар-тренинг өткізді.
Учаскелік сайлау комиссия мүшелерінің қатысуымен тренинг- тер, яғни теориялық дәрістермен бірге іскерлік ойындар өткізілуде.
«SARYSÝ- AQPARAT»