Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Сарысу ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылықты қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 маусымдағы №77-3 шешiмiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4664 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 3 қосымшасындағы «150» деген саны «800» деген санмен ауыстырылсын.
- «Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Жамбыл облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сарысу аудандық мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сарысу аудандық мәслихат төрағасы
|
|
Ш. Мусабеков
|