Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2025 жылдың ІV тоқсаны бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша жылдық қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай ЖАО) 52 мемлекеттік қызмет түрі бойынша (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі. 2025 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген қызметтің жалпы саны – 925.
2025 жылдың ІV тоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен «ХҚКО ЫАЖ Мониторинг» жүйесінен алынған мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтерге аудан бойынша және ЖАО тарапынан мерзім бұзу фактілері орын алмады.
2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
2025 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан 1 мемлекеттік қызметкер өтті.
Ішкі бақылау жұмыстары бойынша
2025 жылдың ІV тоқсанында ЖАО ішкі бақылау іс шарасы бекітілген жоспарға сәйкес, есептік мерзімде ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп, 1 жергілікті атқарушы орган қамтылды. (Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімі,)
Бақылау барысында 37 заң бұзушылықтар орын алған.
Орын алған заң бұзушылықтарға жол берген жауапты маманның тиісті тәртіптік жауапкершіліктері қаралды.
Аталған бөлімге анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.
Ішкі байқау іс-шаралары бойынша
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 08 желтоқсандағы №78 бұйрығына сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына 1 мекемеге ішкі байқау жүргізілді. (аудан әкімдігінің тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі)
Жүргізілген ішкі байқау іс-шараларының нәтижесі бойынша 1 заңбұзушылыққа жол берілгендігі анықталды.
Аталған бөлімдерге анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында ұсыныс әзірленіп жолданды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес:
2025 жылдың ІV тоқсаныңда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 18 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен алдағы отырыста ұйымдастырылатын болады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудан әкімдігімен көрсетілетін қызметтерді алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсетулер процестерін оңтайландыру мен автоматтандыру, электронды қызмет түрлері бойынша, мемлекеттік қызметтерге қол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру мақсатында аудан әкімі аппаратының сайтында және БАҚ-та тұрақты түрде хабарландыру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.