2026 жылдың 27 қаңтары күні Жамбыл облысы, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап 26 қаңтарға дейін жұмыс күндері жүргізіледі. Өтінім құжаттарын ашу рәсімі 2026 жылдың 27 қаңтары күні сағат 15.00-де мына мекенжайда: Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан № 18 ғимаратының 2-қабатындағы Кәсіпкерлік палатасының мәжіліс залында өтеді.