САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАР ҮШІН ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ОРЫНДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫНДА БАРЛЫҚ КАНДИДАТТАР ҮШІН ҮГІТТІК БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ОРЫНДАР ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 Сарысу аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 08 қазандағы №9 «Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес, Сарысу ауданы әкімдігі Сарысу ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар жөнінде хабарлайды:

№

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

1

Тоғызкент ауылы

Тоғызкент ауылы, Жамбыл көшесі №20, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта

2

Әбілда ауылы

Әбілда ауылы, Атақоныс көшесі №7, ауылдық клуб үйі ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта

Сарысу ауданы әкімінің аппараты

Дата публикации
21 октября 2025