САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 8 қазандағы №9 қаулысымен 2025 жылғы 16 қарашаға тағайындалған Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5 тармағына сәйкес, Тоғызкент ауылдық округіндегі сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарлайды:
№384 сайлау учаскесі
Шекарасы: Тоғызкент ауылдық округі (Тоғызкент ауылы, Әбілда ауылы, Майлыкөл ауылы)
Сарысу ауданы әкімі аппараты