Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын

тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының
1-тармағына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    2025 жылғы 16 қарашаға  Сарысу  ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 16 қарашаға тағайындалған Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын.

Төраға                                                                            Д. Шортанбаев

 Хатшы                                                                          М. Кумісбеков

  

Жаңатас қаласы,

2025 жылғы 8 қазан

№9

Дата публикации
08 октября 2025