Сарысу ауданында Тоғызкент ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

Сарысу  ауданында Тоғызкент ауылдық округі

әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Тоғызкент ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын.

 Төраға                                                                                      Д. Шортанбаев

  Хатшы                                                                                      М. Кумісбеков

  

Жаңатас қаласы,

2025 жылғы 8 қазан

№8

Дата публикации
08 октября 2025