Әсер ету скринингін қарастыру туралы

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:

  • Құжат жобасы, оның іске асырылуының негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды – «Жамбыл облысы Сарысу ауданының 12 ауылдық округінің бас жоспарларын түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба;
  • Құжатты іске асыру жоспарланған аумақтың сипаттамасы – «Жамбыл облысы Сарысу ауданының 12 ауылдық округінің бас жоспарларын түзету» жобасы бойынша жалпы түсіндірме жазба және әсер ету скринингі жөніндегі есеп;
  • Құжатты іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы – «Жамбыл облысы Сарысу ауданының 12 ауылдық округінің бас жоспарларын түзету» жобасына арналған әсер ету скринингі жөніндегі есеп.

СЭБ материалдарының әзірлеушісі: «АТС ГРАД» ЖШС
СЭБ материалдарының тапсырыс берушісі: Жамбыл облысы Сарысу ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Сарысу ауданының әкімдігі
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қоғамдастықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі сұрақтар бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Жобаларды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе, егер иә болса, бұл әсерлер қандай және неліктен Сіз оларды елеулі деп санайсыз?
  2. Жобаны бекітуге дейін қоршаған орта мен халық денсаулығына қандай әсерлерді зерттеу қажет және не себепті?
  3. СЭБ жүргізуді қажет деп санайсыз ба? Қандай ақпарат Сізді қызықтырады және неге?
  4. Жобаларды іске асырудың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты басқа ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың әрекет ету мерзімі: 2042 жыл
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 23 маусымнан 4 шілдеге дейін (соңғы қабылдау күні – 2025 жылғы 4 шілде)

Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83
Эл. пошта: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

Жазбаша ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде Министрліктің Канцеляриясының электрондық поштасына жіберуге болады: k.kense@ecogeo.gov.kz
Құжаттарыңыз Канцелярияда қабылданғанын міндетті түрде растау қажет: тел. +7 7172 74-08-44

СЭБ материалдары мына ресурстарда орналастырылған:

  • Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Дата публикации
08 июля 2025