2025 жылғы 18 мамырда өткен Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 18 мамырда өткен  Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

2025 жылғы 18 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 832 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 514 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 42 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Жаңаарық ауылдық округі бойынша:

Аманбеков Әділет Кенжебекұлы үшін сайлаушылардың 38 дауысы берілді.

Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы үшін сайлаушылардың 437 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10.

Сайлау қорытындыларымен: Жаңаарық ауылдық округінің әкімі болып Дүйсен Жалғас Дүйсенұлы сайланды. 1995 жылы туған, Жаңатас қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны.

 

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
19 мая 2025