Сарысу ауданы әкімдігінің сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру туралы хабарламасы
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 09 сәуірдегі №4 «Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» қаулысына және Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 18 тармағына сәйкес, Сарысу ауданы әкімдігінің сайлауды өткізу кезеңінде кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде үй-жайларды беру жөнінде хабарлайды:
|
№ |
Елді мекен атауы |
Сайлаушылармен кездесу өткізілетін орындары |
|
1 |
Ұ.Сыздықбаев ауылы |
Ұ.Сыздықбаев ауылы Р.Қабылұлы көшесі, №2 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық клубы |
|
2 |
Ақтоғай ауылы |
Ақтоғай ауылы Ә.Ыбыраев көшесі №68 мекенжайы бойынша орналасқан ауылдық клубы |
Сарысу ауданы әкімінің аппараты