Сарысу ауданында Жаңаарық ауылдық округі
әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Жаңаарық ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы,
2025 жылғы 9 сәуір
№3