Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Игілік ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары жөнінде хабарлайды:
Игілік сайлау округі: (№374, 375 сайлау учаскелері)
Шекарасы: Өндіріс ауылы, Игілік ауылы.
Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Жаңатас қаласы, 3 шағынаудан, №45 ғимарат, Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ғимараты.