Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 сәуірге Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы
2025 жылғы 5 наурыз
№2