Сарысу ауданы Игілік ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

Сарысу ауданы Игілік ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сарысу ауданы Игілік ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Игілік ауылдық округінің шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.

      Төраға                                                                                               Д. Шортанбаев

      Хатшы                                                                                               М. Кумісбеков

 

Жаңатас қаласы

2025 жылғы 5 наурыз

№1

Дата публикации
05 марта 2025