Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарында
2024 жылдың ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің талдамалық анықтамасы
І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2024 жылдың ІV тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (1 жергілікті атқарушы орган) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 11 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Сарысу ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы А. Токтарбековке – «ескерту» түріндегі жаза қолданылды).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 5 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметті көрсету барысында заңнама талаптарын бұзудың, яғни мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 79 фактісі анықталды.
Атап айтқанда,
2024 жылдың ІV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2024 жылдың ІV тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер орын алған жоқ.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 3 түсіндірме іс-шаралары өткізілді. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерге материалдар жарияланды.
Атап айтқанда, ауылдық округтер мен аудан әкімдігінің бөлімдері медиа жоспарға сәйкес әлеуметтік желілерде және аудандық басылымдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша мақалалар жариялады және тұрғындар арасында насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 2024 жылдың ІV тоқсанында ЖАО-ның және оларға бағынысты мекемелердің 1 қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Атап айтқанда: