2024 жылдың IІI тоқсанында Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарында (ЖАО) көрсетілген қызметтер жөніндегі талдау анықтамасы

2024 жылдың IІI тоқсанында Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдарында (ЖАО) көрсетілген қызметтер жөніндегі талдау анықтамасы

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

2024 жылдың 3-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Игілік ауылдық округі және Жаңатас қаласы әкімдігі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы сәйкес заңбұзушылықтар анықталмады.

2024 жылдың IIІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге              шағымдану фактісі орын алмаған.

2024 жылдың IIІ тоқсанында мемлекеттік қызметтердің мерзімдері бұзылып көрсетілген 1 жағдай тіркелді.

Үшінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 1420  адамды қамтыған 2 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Аудандық «Сарысу газеті» басылымында аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақала жарияланды.

2024 жылдың IIІ тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен              қызметкер жоқ.

Дата публикации
24 января 2025