2025 жылғы 19 қаңтарда өткен Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 19 қаңтарда өткен  Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 19 қаңтарда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 690 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 454 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 74 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Түркістан ауылдық округі бойынша:

Бейсен Олжас Әбиірбекұлы үшін сайлаушылардың 38 дауысы берілді.

Борсиков Дуйсенали Кидыралиевич үшін сайлаушылардың 393 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 9.

Сайлау қорытындыларымен: Түркістан ауылдық округінің әкімі болып Борсиков Дуйсенали Кидыралиевич сайланды. 1967 жылы туған, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры, Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ә. Бүркітбаев ауылының тұрғыны.

Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 января 2025