Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
(Жаңатас қаласы, 3 шағынаудан, №45 ғимарат, тел: 8 (72634) 6-20-25)
2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округтерінің тізімі мен шекаралары жөнінде хабарлайды:
Түркістан сайлау округі: (№386, 387 сайлау учаскелері)
Шекарасы: Ә. Бүркітбаев ауылы, Үшбас ауылы, Арыстанды ауылы, Қаратас қонысы.