Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 19 қаңтарға Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы аудандық «SARYSÝ» газетінде жариялансын және Сарысу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылсын.
Төраға Д. Шортанбаев
Хатшы М. Кумісбеков
Жаңатас қаласы
2024 жылғы 11 желтоқсан
№5