Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы
ХАБАРЛАМА
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабы 3-тармағына, «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 Жарлығына, «2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысына сәйкес Жамбыл облысы, Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясының құрамын, орналасқан жері және жұмыс уақытын хабарлаймыз.
Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясы
Орналасқан жері: Жаңатас қаласы, 3 шағынаудан №45. телефон: 8(72634) 6-20-25
Комиссия төрағасы – Шортанбаев Даулетберди Амангельдиевич;
Төрағаның орынбасары – Ерсейтова Лаззат Карижановна;
Хатшысы – Кумісбеков Мақсат Жексенбекұлы;
Комиссия мүшелері: Имашев Ерлан Оспанбекович;
Утеева Ауес Нурашовна;
Дәуренбекқызы Алима;
Ұзақбай Асылхан Әуелханұлы.
Аумақтық референдум комиссиясының жұмыс уақыты: 09:00 – 18:30.
Сарысу аудандық аумақтық референдум комиссиясы