Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2024 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданда жергілікті атқарушы органдарымен 52 қызмет көрсетіледі (кіші түрін қоса алғанда 97 қызмет).

Оның ішінде:

  • толық электронды түрде – 47 қызмет (48,4 %);
  • қағаз түрінде – 3 қызмет (3,2%).
  • баламалы түрде– 47 қызмет (48,4%)

2024 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 873 қызмет көрсетілген. Оның ішінде:

  • электронды түрде – 630 қызмет (73 %).
  • қағаз түрінде – 226 қызмет (26 %);
  • қағаз түрінде (баламалы) – 17 қызмет (1 %);

 

2024 жылдың II тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.

2024 жылдың II тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.

Екінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 7830  адамды қамтыған 4 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.

Аудандық «Сарысу газеті» басылымында Тоғызкент ауылдық округі және дене шынықтыру және спорт, ТҮКШ, жер қатынастары бөлімдері тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақалалар жарияланды.

2024 жылдың II тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен             3 қызметкер өтті.

 

Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2024 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

2024 жылдың 4-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Тоғызкент ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы сәйкес анықталған  1 кемшілік бойынша 3 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.

 

Дата публикации
12 июля 2024