Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында жария талқылаулар өткізу туралы анонс

         «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6)тармағына сәйкес жыл сайын көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет есептерінің жария талқылаулары өткізіледі. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

         Ағымдағы жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтында (МО ИРБП) «Қызметі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі орналастырылатын болады.

         Аймақ тұрғындарына облыс әкімдігі сайтының басты бетіндегі «Сұрақ-жауап» терезесінде ұсыныстар мен ескертулер қалдыруға мүмкіндік беріледі.

         Өңірдің тұрғындарын қоғамдық талқылауларға белсенді қатысуға шақырамыз.

 
Дата публикации
21 мая 2024