Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданда жергілікті атқарушы органдарымен 52 қызмет көрсетіледі (кіші түрін қоса алғанда 97 қызмет).
Оның ішінде:
2024 жылдың 3 айының қорытындысы бойынша 112 қызмет көрсетілген. Оның ішінде:
2024 жылдың I тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2024 жылдың I тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Бірінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 5323 адамды қамтыған 5 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Аудандық «Сарысу газеті» басылымында Байқадам ауылдық округі және Сарысу білім бөлімі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақалалар жарияланды.
Сонымен қатар, 2024 жылдың I тоқсанында Сарысу ауданы әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде экономика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша жауапты мамандардың қатысуымен онлайн жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге барлығы 70 адам қатысып, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
2024 жылдың I тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен 6 қызметкер өтті.
Сарысу ауданының жергілікті атқарушы органдардың
2024 жылдың I тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
2023 жылдың 1-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Байқадам ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы сәйкес анықталған 1 кемшілік бойынша 4 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
Бұдан әрі, ішкі бақылау жұмыстары Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінде жүргізіліп, нәтижесінде 3 кемшілік анықталды. Аталған кемшіліктер бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.