Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының
мемлекеттік қызметшілерінің назарына
Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылық туралы
ТҮСІНДІРМЕ
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 273-VІ ҚРЗ Заңымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін тәртіптік жауаптылықты көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Осылай, Заңның 43 бабының 4 тармағына сәйкес, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымдарын атқаратын мемлекеттік қызметшілер өздеріне тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мынадай:
1) бағынысты адам жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыс пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерді орындамаудағы немесе тиісінше орындамаудағы кінә арасындағы байланыс анықталған;
2) бағынысты адамға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің болуы не сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқан жағдайлардың жиынтығы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
1) тікелей бағынысты қызметші ірі немесе аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде;
2) тікелей бағынысты қызметші сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, егер оны бірнеше рет жасаған болса;
3) екі және одан көп тікелей бағынысты қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 4-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік саяси қызметшілер, егер олар тағайындалған күннен бастап үш ай өткен соң сыбайлас жемқорлық қылмыс жасалған жағдайда:
1) өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – орталық мемлекеттік органның басшысы;
2) сайланған әкімді қоспағанда, өзінің орынбасары, өзіне тікелей бағынысты мемлекеттік саяси қызметші, аппарат басшысы не аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыстың әкімі;
4) өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыс әкімінің орынбасары;
4-1) өзінің орынбасары, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы, облыс әкімі аппаратының өзіне тікелей бағынысты құрылымдық бөлімшесінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде – облыс әкімі аппаратының басшысы;
5) өзінің орынбасары, әкім аппаратының басшысы, өзі жетекшілік ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, әкім отставкаға өтініш береді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша және тәртіппен соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде отставкаға өтініш береді.
Мемлекеттік саяси қызметшілер болып табылатын, сайланған әкімдердің отставкаға беру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Мемлекеттік саяси қызметшіні басқа мемлекеттік саяси лауазымға тағайындау саяси мемлекеттік қызметшінің бұрынғы жұмыс орны бойынша қызметі кезеңінде өзіне тікелей бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін оны осы баптың 3-1-тармағында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен отставкаға кету міндетінен босатпайды.
Жамбыл облысы әкімі
аппаратының заң қызметі