Жамбыл облысы әкімі аппаратының құжаттама, бақылау және талдау бөлімінің басшысы Н. Нұрлыбаеваның 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңестерде берген тапсырмалардың орындалуы бойынша талдау жүргізген.
Талдау қорытындысы бойынша ауданға жалпы саны 27 тапсырма берілген. Оның ішінде 19 тапсырма орындалған, 1 тапсырманың мерзімі тұрақты бақылауда, 4 тапсырма орындау мерзімі жетпеген және 3 тапсырма мерзімінде орындалмаған.
Орындалмаған 3 тапсырманы атап айтқанда:
1) Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін мәслихат шешімдерімен бекітуді қамтасыз ету (25.07.2023 ж. №67 хаттаманың 1.2 тармағы, мерзімі 01.09.2023 ж.). Орындау мерзімі кешіктірілген, мәслихат шешімі 2023 жылдың 23 қазанында (№10-3) шыққан.
2) Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне оқушылардың қаупсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептердің алдына бағдаршамдардың орнатылуын және жолақтардың жаңартылуын қамтамасыз ету (15.08.2023 ж. №76 хаттаманың 1.7.2 тармағы, мерзімі 01.09.2023 ж.).
3) Білім нысандарының (275) қазандықтарына жылу, электр есептегіш құралдарын орнату (19.09.2023 ж. №95 хаттаманың 5.2 тармағы, мерзімі 22.09.2023 ж.).
Сонымен қатар, жыл соңына дейін орындалмай қалу қаупі бар тапсырмалар қатарына:
Мал өлекселерін залалсыздандыруға арналған 16 «Беккер шұңқырларының» құрылысын жыл соңына дейін аяқтау (13.07.2023 ж. №61 хаттаманың 10.2 тармағы, мерзімі жыл соңына дейін).
Сарысу ауданы бойынша 3 «Беккер шұңқырының» құрылысын салуға қаржы қарастырылмаған. 2022 жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім (3 жобаның құны 79 147,8 мың теңге) әзірленіп, ұсынылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін қолдау таппаған.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы ақпарат және шешім қабылдау үшін енгізіледі.