Мемлекеттік бағдарламалар аясында:
Жыл басынан «БЖК-2025» жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген 6%-дық несиенің кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы Сарысу ауданы бойынша 46 жоба 551,4 млн. теңге көлеміндегі қаржыға және 2,5 пайызбен 35 жасқа дейінгі 18 жас кәсіпкер 90 млн.тг көлемінде қаржыға қол жеткізді.
Ал 2023 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен «KMF» МҚҰ» ЖШС Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бизнес бағдарламасы» бойынша ауданда жалпы қаражаты 938,5 млн. тг теңге көлемінде 996 жоба несиелендірді.
2023 жылдың 11 айының нәтижесінде кәсіпкерлік саласы бойынша аудандық «Sarysu» газетінде мақалалар(12 мақала) және әлеуметтік желілерде кәсіпкерлікке байланысты ақпараттар тұрақты жарияланып келеді.
Сонымен қатар, Жаңатас қаласымен барлық ауылдық округтерге кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың шарттары енгізілген арнайы таратпа парақшалары жасалынып берілді және ауылдық округтерді аралап түсіндіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Кәсіпкерлік бағытындағы жұмысты оңтайландыру мақсатында келушілер базасы жасақталған. 2023 жылдың 11 айының қорытындысымен жалпы 314 жеке кәсіпкерлерге және жеке азаматтарға қызмет көрсетілді. Оның ішінде 34 азаматқа қайтарымсыз грант бойынша, 248 кәсіпкерге қаржылай несие, 32 азаматқа басқа сұрақтар бойынша қызмет көрсетілді.
Азық-түлік бағасы туралы
2023 жылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу мақсатында (ЕРСОП жүйесінде) 102 дүкен тіркеуге енгізілді.
Бүінгі таңда Сарысу ауданы Жаңатас қаласында әлеуметтік 19 азық түлік бағаларына жерілікті атқарушы орган тарапынан апта сайын 164 (оның 87-і Жаңатас қ.) азық-түлік дүкендерін аралап, бағаларға зерделеу жүргізуде.
Ауданда орналасқан барлық азық түлік дүкен иелеріне осы аталған 19 тауарға заң аясында 15% үстемақыдан артық қосып сатуға тыйым салынатыны туралы арнайы жадынама таратылды және 96 азық-түлік дүкенімен бағаға 15% үстемақыдан артық қосып сатпау бойынша меморандум жасалды. Ал егер артық қосып сатқан жағдайда ҚР заңнамасына сәйкес, белгіленген мөлшерде айыппұл салынатындығы ескертілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері Сарысу ауданында әлеуметтік азық-түлік тауарларына тексеру жүргізді. Нәтижесінде Жаңатас қаласының 2 мөлтек ауданы 6 үйде орналасқан «Айгүл» дүкенінде өсімдік майы мен ас тұзының 25% артық үстемақы қосып сатқаны анықталды. ҚР "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңын негізге ала отырып, «Айгүл» дүкені иесіне жеке кәсіпкер М.Абитаеваға 15% артық үстемақы қосып сатқаны үшін Әқбтк 204-4 бабына сәйкес заң аясында ескерту берілді.
Жаңатас қаласында халыққа қажетті азық-түліктің бағасын тұрақтандыруға әр сенбіде жәрмеңке өткізілді. Жыл басынан бері 52 рет жәрмеңке өтті.
Әр сенбі күні өтетін жәрмеңкеге Жуалы ауданының жеке кәсіпкерлері (ЖШС Акмол, ЖШС «Көкжиек, «Бурный сыр зауыты» ЖШС) 300 кг сүзбе, 200 кг сары май, 400 литр сүт өнімдерін, ЖШС Аса Дамудың жұмыртқасы және көрші Түркістан облысынан «Ордабасы» құс фабрикасының тауық еті өнімдері тұрақты сатылымға шығарылып келеді.