Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай – ЖАО)
бекітілген Тізілімге сәйкес 52 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 96 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
2023 жылдың 3-ші тоқсанында 2 мекемеде ішкі бақылау жоспарланған. Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 1 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Досбол ауылдық округі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 5 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
«Сарысу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ 2023 жылдың 01 шілдесінен «Жамбыл облысы Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша Мансаптық орталық филиалы болып өзгеруіне байланысты ішкі бақылау жұмыстары жүргізілмеді.
Анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар жолданды.
2023 жылдың IІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2023 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Екінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 250-ге жуық адамды қамтыған 6 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Аудандық «Сарысу газеті» басылымында Жайылма, Жаңаарық, Тоғызкент, Игілік ауылдық округтері және аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мақалалар жарияланды.
2023 жылдың ІІІ тоқсанында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.