Есепті мерзімде аудан әкімі аппаратының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкері бекітілген жоспарға сәйкес 2 ішкі бақылау іс-шаралар жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде, Жайылма ауылдық округі және ТҮКШ, АЖ, ЖК және ТҮИ бөлімі қамтылды. Бақылау іс-шарасының қорытындысы бойынша 10 ұсыныс әзірленіп, толық орындалды.
Анықталған кемшіліктер бойынша 2 жауапты тұлғаға шара қолданылды.
2023 жылдың IІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алмаған.
2023 жылдың ІІ тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген.
Екінші тоқсанда Сарысу ауданы ЖАО тарапынан 300-ге жуық адамды қамтыған 6 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
Аудандық «Сарысу газеті» басылымдарында жергілікті атқарушы органдар тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жарияланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 16 мамырында барлық аудан әкімдігінің бөлімдерінің басшыларын, ауылдық округ әкімдерін және жауапты қызметкерлерін қатыстыра отырып мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғ.Боранбаева бастаған әдістемелік көмек көрсету тобы тарапынан семинар кңес өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұған қоса, ағымдағы жылдың 26 маусымында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ведомствоаралық комиссиясы Сарысу ауданында болып, тиісті сала басшылары мен жауапты қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Сақыпбековтың есебі тыңдалды.
2023 жылдың ІІ тоқсанында, 19-21 сәуір аралығында мемлекетік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты ЖАО-ның 1 қызметкері біліктілігін арттыру курстарынан өтті.