Сарысу аудандық сайлау комиссиясының Жаңатас қаласы әкімідігіне тіркелген кандидаттар туралы хабары

Сарысу аудандық сайлау комиссиясының

Жаңатас қаласының әкіміне кандидаттарды тіркеу  туралы

ХАБАРЫ

 

Қазақстан  Республикасының «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабы, 9 тармағына сәйкес Сарысу аудандық сайлау комиссиясы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы әкіміне тіркелген кандидаттар туралы хабарлайды:

  1. Абдрахманов Шынгыс Басиевич, 1967 жылы туған, «Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы» Сарысу аудандық филиалының директоры, Жаңатас қаласының тұрғыны, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясының Жамбыл облыстық филиалы ұсынған.
  2. Борсиков Дуйсенали Кидиралиевич, 1967 жылы туған, Жаңатас қаласының әкімі, Жаңатас қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  3. Домалаков Ильяс Алимбаевич, 1988 жылы туған, Жаңатас қаласының тұрғыны, Сарысу ауданы бойынша  Мансап орталығы филиалының  директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  4. Жанкужаев Самат Болатович, 1988  жылы туған, жұмыссыз, Жаңатас  қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  5. Исентаев Абдулла Изатуллаевич, 1980 жылы туған, «Жаңару – 2017» ЖШС-нің директоры, Жаңатас қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
  6. Садуакасов Болат Маликайдарович, 1967 жылы туған,                               «Сағыныш-Құрылыс 2030» ЖШС-нің  атқарушы директоры, Тараз    қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсыну  тәртібімен ұсынылған.

 

Сарысу аудандық  сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 августа 2023